«Аяз би» ертегісі 7-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

 «Аяз би» ертегісі 7-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі 7-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.4.1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
ертегі үзінділерін жатқа айтады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
ертегі үзінділерін нақышына келтіріп, дауыс кідірісі мен интоноцияны сақтап, мәнермен әсерлі жеткізеді;
Кейбір оқушылар орындай алады:
ертегі үзінділерін жатқа айту арқылы кейіпкер бейнесін сомдайды (актерлік шеберлік танытады).
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылықты ояту «Адасқан мақалдар» Ертегінің оқиға желісіне қатысты мақалдарды мағынасына қарай реттеп қояды.
1.Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.Есірген хан елді ермек етер.
2.Жаманның сертке берік болуы. Ащы мен тұщыны татқан білер.
3.Жаманның Барсакелмеске баруы Ақыл – ердің қорғаны.
4.Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
5.Хан тағына отырған Жаман. Сертке берік бол, досыңа серік бол.
6.Ханның Жаманды уәзір етуі. Арсыз адам жала жауып аздырады.
7.Меңдінің Жаманды таңдауы . Жігітті намыс өлтіреді,...
8.Қырық уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. Ежелгі дос жаңа достан артық.
9.Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
10.Ханның Жаманды сағынуы. Ақылды жетер мұратқа, Ақылсыз қалар ұятқа.
Оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстырылады, талқылайды.
Сергіту сәті «Ән тыңдайық» «Шал ақынның термесі» (Мейрамбек Беспаевтың термесін тыңдатуға болады)
«Джигсо» әдісі арқылы топқа бірігеді.
Оқушыларға ертегіден 4 үзіндіні бөліктерге бөліп таратады. Оқушылар мазмұн желісіне қарай үзіндіні жинақтап, сол үзінді бойынша топқа бірігеді.
Рөлдік ойын. Топтар сол үзінді бойынша рөлдік ойын қояды.
Дескриптор:
- кейіпкер сөзін жатқа айтады;
- кейіпкер бейнесін ашады;
- дауыс кідірісі, интонация, тыныс белгілерге сай кідіріс жасайды.
Бағалау. «Үш шапалақ, екі шапалақ, бір шапалақ» ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру