«Аяз би» ертегісі (6 сынып, I тоқсан )

 «Аяз би» ертегісі (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі
Оқу бағдарламасына сілтеме: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
6.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Ертегінің сюжеті мен фабуласын анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ертегінің сюжеті мен фабуласына талдау жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Ертегінің сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.
Сабақ барысы:
Психологиялық ахуал
– Балалар, айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
Қызығушылықты ояту
Қоға Шеңгел
Қырғауыл Сауысқан
Бұл суреттердің сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін?
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі
1.Фольклор дегеніміз не?
2.Ауыз әдебиетінің үлгілерін ата.
3.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын ата.
4. Ертегі дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
Топтық жұмыс
1-қадам: Топтарға тақырыптар ұсынылады.
1-топ: Хан тапсырмасы
2-топ: Хан сынағы
3-топ: Жаманның үйленуі
4-топ: Қырық уәзірдің іштарлығы
5-топ: Жаманның тапқырлығы
2-қадам: Әр топ өз тақырыптарына композициялық-сюжеттік талдау жасайды.
1. Оқиғаның басталуы.
2. Оқиғаның дамуы.
3. Оқиғаның шиеленісуі.
4. Оқиғаның шарықтау шегі.
5. Оқиғаның шешімі.
3-қадам: Әр топ берілген тақырып бойынша мазмұнды сурет салады.
4-қадам: Жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды (көлемі, сюжеті, кейіпкерлері)
Дескрипторлар:
- композициялық-сюжеттік талдау жасайды;
- тақырып бойынша мазмұнды сурет салады;
- жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды.
Жеке жұмыс
«Менің пікірім» кестесін толтыру
Үзінді Беті Сұрақ Менің пікірі
Дескрипторлар:
- үзінді келтіреді;
- үзінді берілген бетті көрсетеді;
- нақты сұрақ дайындайды;
- өзіндік көзқарасын танытады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру