Ақ кимешек астынан сені көрем (5 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы құндылықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ақ кимешек астынан сені көрем
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады: шығарманың мазмұны мен тақырыбын меңгереді, құндылықтарды анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы сөздердің мағынасын түсініп, тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылайды және пікір айтады.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
І. Қызығушылықты ояту.
«Шаттық шеңбері». Әжесі немересін еркелеткенде қандай сөздер айтады? Оқушылар бір-біріне әженің жылы сөздерін айтады.
Оқушылар өлең шумағы бойынша 4 топқа бөлінеді.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
Мұқағали Мақатаев
Өлең шумақтарының мағынасын талдау арқылы сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты түсіндіріледі.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Кубизм әдісі бойынша оқушыларға тапсырмалар беріледі. (Оқушылар тапсырманы жұпта, топта орындап, сыныпта ұсынады. Қабілеті жоғары және жақсы оқушылар қабілеті орта оқушыларға бағыт береді).
І.Қолдан.
А)Маңызды деректерді еске түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
Ә)Үзіндіде келтірілген құндылықтардың мағынасын ашыңыз.
- ... сендер сияқты балалардың папалары мен мамаларын өсірген кісі, - дейтінмін өзімнің олақтау тіліммен. – Өзі ... де ... адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ... етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да ... , жұрттың бәрімен: « ... , ... », - деп сөйлесетін иман жүзді ... . Өзі ылғи ... істеп күйбеңдейді де жүреді. Тіпті ештеңе істемеген күннің өзінде ... иіріп отырады. (Әже, мейірімді, қайырымды, ұялатындай, жұмсақ, қарағым, айналайын, қария, шаруа, ұршық)
Дескрипторлар:
1.Үзінді мағынасына сай сөздерді дұрыс қолдана алады.
2.Үзіндідегі негізгі құндылықтардың мағынасын түсіндіре алады.
2.Зертте.
А)Тарихтан, көркем шығармадан қандай әйгілі әжелер мен аналарды білесіздер?
Ә)Олардың халқымызға сіңірген еңбегі туралы зерттеу жасаңыз.
Дескрипторлар:
1.Тарих пен көркем әдебиеттегі әйгілі әжелер мен аналардың есімдері мен еңбектерін біледі.
2. Деректер келтіре отырып, зерттеу мәтінін дайындай алады. (1-2 әжеге)
Сергіту сәті: «Аяулы әже» әнін караокеде орындайды. (3,5 минут)
3.Салыстыр.
Автор ұғымындағы қазақи әже бейнесі мен шығармадағы әже (Жолдастың анасы) бейнесін Венн диаграммасында салыстырыңыз.
Дескрипторлар:
1.Қазақи әже мен шығармадағы әже бейнелерінің айырмашылықтарын ажырата алады.
2.Екі әжеге тән ортақ қасиеттерді жинақтай алады.
4. Дәлелде.
А) Қалай ойлайсыз? Бүгінгі күні немерелеріне ертегі айтатын әже керек пе?
Ә)Алдағы ғасырда ертегі айтатын әжелер қалады ма? Болжамыңызды дәлелдеңіз.
Дескрипторлар:
1.Өз пікірі мен болжамы бойынша нақты дәлелдер келтіре алады.
2.Шешен, ұтымды сөйлей алады.
Кері байланыс: «Сөздер легі» әдісі
ІІІ. Ой толғау. Ертегіші әжеге хат жазу.
Дескрипторлар:
1.Хат құрылымын сақтайды.
2.Сөз саны – 30-40 сөз.
Оқушылар автор орындығында отырып, жазған хаттарын оқиды......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Ақ кимешек астынан сені көрем 5 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Ақ кимешек астынан сені көрем