Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі (5 сынып, IV тоқсан )

 Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі (5 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Отбасы құндылықтары»
Сабақтың тақырыбы: Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, қасиетін сипаттап жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, қасиетін шығармадан дәлел келтіре сипаттап жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіре сипаттап жазады
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен суреттегі көрініс туралы айтып өтеді.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.
II. Қызығушылықты ояту.
Тыңдалым алды сұрақтар:
- Жазушы Ривера бейнесі арқылы қандай ой тастайды?
- Шығармадан қандай әсер алдыңыз, сипаттап беріңіз?
- Елімізде әлемге танылған қандай боксшыларды білесіздер?
III. Тыңдалым:
Ермахан Ибраимов
Ермахан Ибрагимов пен Ривераның бойында ұқсастық бар ма?
IV. Жазылым алды тапсырма:
Топтық жұмыс.
Ривераның тұлғалық ерекшеліктерін анықтаңыз Ривераға тән қасиеттеріне шығармадан дәлел келтіріңіз
Ривера - намысқой, елін сүйетін, өз халқының жарқын болашағы үшін күресетін, қажырлы жігіт.
Дескриптор:
- Ривераның бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды;
- Әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді.
V. Жазылым
Тапсырма:
Ривераның бойындағы анықталған қасиеттеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап эссе жазыңыз. (110-120сөз)
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Дескриптор:
- кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
- негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
- әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
- қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды. (20-25 сөз).

Кері байланыс.
Бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру