«Бауыр» әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

 «Бауыр» әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

САБАҚ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: «Бауыр» әңгімесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;
5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақтың мақсаттары:
- Әдеби шығармадан үзінді жатқа айту;
- Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтарға толық жауап беру;
- Рөлге ену;
- Шағын эссе жазу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Қалидың портретін жатқа сұрау. Интербелсенді тақтада дұрыс нұсқасы көрсетіледі, бірақ сабақ айтып тұрған оқушы тақтаға қарамауы тиіс. Қалған оқушылар дұрыс нұсқасымен тексеріп отырады.
Қызығушылық ояту мақсатында автордың берген сипаттамасы негізінде Қалидың портретін А4 парағына салдырту.
«Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала... Төрекелді тұяғының сынығы. Қол созып, мына баланың қай жерін ұстаңыз, әкесі Сымбаттың өзімен бірге жер астына ала кеткен нышан белгілері. Жайшылықта қой аузынан шөп алмайтын жуас, момын, ал жиын-тойда шетінен түйе палуан атанған, додаға түссе, көкпардан көкпарды қақшып қоймайтын Төрекелдиевтер тұқымы… Кешегі қанды соғыста Сымбаттан өзгесі баудай түсіп, Манап пен мына қара құлақ Қали баладан басқа тігерге тұяқ қалмаған Төрекелдиевтер үйірінің кенже құлыншағы.»
Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады.
1-тапсырма. Кубизм стратегиясы
Білу: Автордың «Бауыр» әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар. Әңгіменің «Бауыр» деп аталуы нені меңзейді?
Түсіну: Жазушы Төрекелдиевтер тұқымын қалай сипаттады?
Қолдану: Әңгіменің өздеріңе ұнаған жерінен қойылым әзірлеңіздер.
Талдау: Автор «Жетім қозы – тас бауыр», - деп нені айтқысы келіп отыр?
Жинақтау: «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша «Шын жүректен шыққан сөз» айдарымен әңгімедегі түйінді ойды жинақтап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы пікір білдіру.
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2.Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3.Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Бағалау: Осы әңгімені оқи отырып сен өзіңе қандай тәрбие алдың?
Бағалау критерийлері:
- Білу, түсіну бойынша толық жауап береді;
- Рөлдік ойынға белсенді қатысады;
- Мақалдың астарлы ойын табады;
- Өзіндік пікір білдіре алады.
2-тапсырма. «Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша талдау
Ақ қалпақ -Тақырып туралы түсінік беру.
Сары қалпақ - Қалидың іс-әрекеттерін қолдау.
Қызыл қалпақ –Манаптың іс- әрекетін, өз эмоциясын жеткізу.
Қара қалпақ – Қалидың іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту.
Жасыл қалпақ – Жетімдер үйін жауып тастау жолдарын ұсыну.
Көк қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау
Жетістік критерийлері:
- Тақырып туралы толық түсінік береді;
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды;
- Креативті ой ұсынады;
- Өмірмен байланыстырып, қорытынды жасайды.
3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта шағын эссе жазу.
Бағалау критерийлері:
- Эссенің құрылымын сақтайды;
- Нақты дәлел келтіре алады;
- Түйінді ой айтады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру