Ы Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

 Ы Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Ы Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 1-сабақ
Оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі
Б/С3. Әдеби эссе
Сабақтың мақсаты:
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту: Шаттық шеңбері:
Жалғасын тап:
Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )
Мағынаны тану. Оқылымалды сұрақтары:
1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2.Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?
4.Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
5.СӨЗ бен МАҒЫНА деген не?
Мұғалім шығарма тілімен жұмыс жасатады. Кейбір бейтаныс сөздер тізбегін жасайды. Оқушылар түсінбеген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарайды. Бейнелі сөздерге көбірек көңіл бөледі.
Мәтін. Еңбекпен тапқан тиын. Грузин ертегісі
Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты: – Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Ұлын аяп анасы баласына он сомдық алтын береді: – Кешке дейін бір жерде бола тұр, – дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң "Мынаны еңбегіме алған едім" деп әкеңе бер. Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: – Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, – депті. Ұлы жымиып күліпті де, түк демей шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: – Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтады. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария тағы да алтынды отқа лақтырып жіберіп: – Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, – депті. Оған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да: – Әке, мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты. Сонда әкесі тұрып: – Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, – депті
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1-тапсырма.
ПОПС формуласы
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Жазылым.
2-тапсырма.
Ж. «Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту жайлы арманына қалай жетті?» деген тақырыпта эссе жазады.
Кері байланыс. Топтық бағалау. Бағдаршам арқылы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру