Ер еңбекте сыналады (8 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.4.3.1. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану
8.2.5.1. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады;
• перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Сабақ барысы:
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға сөздік қор,сөздік құрам туралы сұрақтар қойып, талқылайды. Анықтамасын түсіндіреді. Ерекшеліктеріне тоқталады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сөздік қор мен сөздік құрам дегеніміз не?
Сөздік қор мен құрамға кіретін сөздерге мысал келтіріңіз.
Оқылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. Төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Құрылыста адам аз, сол аз адамға көп машиналар бағынып, айтқанын орындайды. Тізбек-тізбек жүк машиналары құрылыс алаңына ағаш, тақтай,тас, цемент, әк жеткізеді. Олар алқынып, гүжілдеп келеді. Машиналардың да машинасы бар, «бәрін бітірген өзім» дейтін мақтаншақ біреулері олардың ішінен де табылады. Әсіресе зауыттан жуырда ғана шыққан, қылауы түспеген бір жаңа машина мақтанғанда жер-көкке сыймайды. Ол қандай ауыр жүк болса да көтеріп әкетіп, биіктегі құрылысшының қалаған жеріне беріп тұрған, көтермеші кранға қарап, мазақтады:
- Ей, сен мойныңды сонша созып, кімді қарап тұрсың? – деп қарқ-қарқ күлді.– Мойныңды қанша созсаң да, біз барып келіп жүрген жерге бәрібір көзің жетпейді.
Көтермеші кран жауап бермей, өз жұмысын істеп, құрылысшының керегін апарып тұра берді. Моторы гүрілге қосып, қосақталған бірнеше ауыр бөренелер мен ағаштарды шыбық құрлы көрмей, аспандата көтерді.
- Е, е, - деді әлгі жүк машинасы, - мен гүрілдесем жүріп кетем, алысқа жүйіткимін, сен қанша гүрілдесең де, бір орныңнан қозғалмай, мойныңды созып тұра береді екенсің.
- Әркімнің өз өнері, өз міндеті бар,- деді көтермеші кран,- біреу күшті, біреу жүйрік, біреу өнерлі. Біреу жүріп істейді, біреу тұрып істейді.
- Сен сонда күштіге жатасың ба?
- Солай шығар.
- Көре алмай тұрмыз-ау.
- Несін айтамын, күшімді ісім көрсетсін.
Аспанда түнерген бұлт көшіп жүр еді. Түс ауа сол бұлттан қатты нөсер құйып, құрылыс айналасы лайсаң батпақ болып кетті. Әлгі мақтаншақ машина ойпаттағы батпаққа батып, қанша гүжілдесе де, шыға алмай, сазға көміле түсті. Басқа жолдас машинасы келіп, оны арқанмен тартып көріп еді, бәрібір шығара алмады.
Сол сәтте құрылысшының әмір етуімен іске көтермеші кран кірісті. Ол үзын мойнын икемдеп бұрып,шұңқырда тұрған машинаны шынжыр арқанмен асты-үстіне орай байлатты да, нақ бір абайсыз құлаған баланы көтергендей, жоғары көтеріп әкетті. Дөңес жерге шығарып қойды да, мақтаншаққа тіл қатқандай болды: «Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз құрылысшыға серікпіз».
1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай келетін мақалды анықтап, белгілеңіз.
Еңбек ер атандырады.
Ер еңбекте сыналады.
Еңбегі көптің өнбегі көп.
Еңбекке жастан, өнерге бастан.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ арқылы жоспар құрыңыз. Сұрақтарды перифраз тәсілдері арқылы жасаңыз.
Үлгі:
Кіріспе бөлім
Құрылыс орнында қандай көліктер қызу еңбектенуде?
Негізгі бөлім ?
? ?
Қорытынды бөлім ?
Дескриптор:
• Сұрақ арқылы жоспар құрайды;
• Сұрақтарды перифраза тәсілі арқылы құрайды.
3-тапсырма.
Мәтіннен сөздік қор мен сөздік құрамға мысалдар келтіріп жазыңыз.
Сөздік құрамға енген сөздердің жиі немесе сирек қолданылатынын анықтап, айтыңыз
Сөздік қор Сөздік құрам
Дескриптор:
• Мәтіннен мысал келтіреді;
• Сөздік құрамға енген сөздердің жиі, сирек қолданылатынын анықтап, айтады.
4-тапсырма.
Мәтіннің түйіні неде?
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар екі көлік арасындағы диалог мәтінін құрап жазады.
Төмендегі екі көлік арасындағы диалогты құрып көріңіз. Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшелігін ескеріп, айтылымда сөздерді орынды қолданыңыз......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Ер еңбекте сыналады 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ер еңбекте сыналады