Қазақстандағы көрнекті орындар (8 сынып, IV тоқсан )

 Қазақстандағы көрнекті орындар (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрнекті орындар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Сабақтың мақсаттары: Перифразаны қолдану арқылы мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Сабақ барысы: 1. Раппорт (сенім) орнату. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді, оларға жылылық танытып, жұмсақ сөйлеседі, орынды мадақтау айтады.
2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды.
3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Оқушыларды санау арқылы төрт топқа бөледі.
Оқылым алды тапсырма
«Бір сөзбен» тәсілі.
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы қарастырылатын тақырыпты сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Сөз тіркестері: танымал, табиғи, бірегей, ерекше, ежелгі, үнсіз, қайталанбас, үйлесімді, сан алуан, шөлейтті, шипалы, ну.
Оқушыларға ойлануға 2 минут уақыт береді. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін бірнеше оқушының талқылау қорытындыларын тыңдайды.
Мұғалім «Біліп жүр!» айдарымен оқушыларға перифраза тәсілі туралы ақпарат ұсынады:
Перифраза (грекше речі — айнала,— рһгазіз — айтамын) — белгілі бір ұғымды әдеттегіден басқаша сөз орамы немесе сөз тіркесі арқылы түсіндіру. Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желеңді абзал жандар» деп атау.
Перифразаның ерекше бір түрі — эвфемизм. Мысалы, ұрлық қылмайды — біреудің ала жібін аттамайды.
Оқылым тапсырмасы
«Сұраққа жетіп ал» әдісі
Жұппен жұмыс істейді.
Мұғалім оқушыларға сұрақ құрастыру үшін критерий құруды ұсынады. Критерий сұрақтың түріне, деңгейіне сәйкес болуы керек.
Үлгі критерий:
- перифраза тәсілімен құрылуы;
- ойдың айқын (не сұралып тұрғандығы) болуы;
- ашық сұрақ түрінде құрастырылуы.
Оқушылар жұпта мәтінді тұтас оқиды. Оқылған мәтін мазмұнына сай критерий бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырып болғаннан кейін сұрақтарын А4 қағазға жазып, сынып бөлмесінің қабырғаларына іледі. Оқушылар сынып бөлмесін аралап басқа жұптардың сұрақтарын оқиды, критерий бойынша бағалап, стикер жапсырып кетеді. Ең көп стикер жинаған жұмыс үздік жұмыс болып есептеледі.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«6 Н» тәсілі
«6 Н» — бұл сұраулы сөйлемнің алғашқы әрпі және «Неге?» деген сұрақ қана емес, сонымен қатар «Нені?», «Не себепті?», «Неліктен?», «Неге олай?», «Неше?», т.б. сұрақтарды да білдіреді.
«6 Н» тәсілі сабақта меңгерген тақырыптың беймәлім тұстарын айқындау үшін сұрақ қоя білуге үйретеді. Барлық сұрақтар мен жауаптарды жазып отыру керек. Бір ғана шарт – жауаптар қайталанбау керек.
Дескриптор:
- туристік орынды сипаттайды;
- перифраза тәсілін қолданып сұрақ құрастырады;
- сұрақтарға жауап береді.
Өзара бағалау
«Серпілген сауал» әдісін қолданып, оқушылар бір-бірінің жұмыстары туралы сұрақ қою/жауап беру арқылы өзара бағалау жасайды.
- ... (оқушының аты) сауалнамасы туралы не ойлайсың?
- ... (оқушының аты) ...ның (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?
- ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру