6-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

 6-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 6-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу бағдарламасына сілтеме: ӘТН4.1.Грамматикалық норма
Оқу мақсаттары:
8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту
- Сурет туралы не ойлайсыз?
- Жұмыстың түрі қандай болмақ?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру, сыныппен бірге талқылау.
Топқа бөлу.
Әр топ өздерінің топтарының атына байланысты ақпарат береді.
- Топ атауының сөз тіркесіне қандай қатысы бар?
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Үйде қайталап келген ақпараттарын қолданады.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбына болжам жасалады.
Мағынаны ажырату
Ойқозғау.
Жазылым алды тапсырмасы
- Суретке қарап тақырып қойыңыздар. Неге тақырыпты олай қойдыңыздар?
Әр топ өзінің тақырыбын ұсынады. Ұсынған тақырыбына байланысты топтық жұмыс орындайды. Орындап болған соң жұмысты тақтаға іледі. Әр топтың оқушылары бір-бірінің жасаған жұмыстарымен танысып,дұрыс тіркес жасаса «+», қате тіркес жасалса «-» таңбасын постерге қойып шығады.
Тапсырма
1-топ
1. Тақырыпты ашатын, септік жалғауында тұрған сөздермен байланысқан сөз тіркестерін жасаңыздар. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
2-топ
2. Сөздерді шылау арқылы байланыстырып, тақырыпты ашатын сөз тіркесін жасаңыз. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
3-топ
3. Ешбір жалғаусыз, түбір күйінде тұған екі сөзді байланыстырып, тақырыпты ашатын сөз тіркесін жасаңыз. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
4-топ.
4. Интонация, дауыс ырғағы арқылы байланысатын сөз тіркесін жасаңыз. Жасаған тіркетеріңіз тақырыптың мағынасын ашатындай болу керек. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
Бағалау критерийі:
1. Тақырыпқа сай сөз тіркестерін жасайды.
Топаралық бағалау. «Қосу, алу» әдісі,
Ойды жинақтау.
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркестері бір-бірімен қалай байланысады?
Сөз тіркесінің жасалу тәсілі нешеу? Атаңыз.
Жазылым тапсырмасы.
ҚБ
ЖЖ/Ж
Оқушылар алдымен жұптасады. Жазылым алдында орындаған тапсырманы қолдана отырып, «Ғарыш және жер» тақырыбында жазылатын мақаланың тақырыбын талқылайды. Тақтада ілулі тұрған сөз тіркестерін қалай қолдануға болатыны жөнінде кеңеседі. Содан соі тапсырманы жеке орындайды.
Тапсырма.
1. Сөз тіркестерін қолданып, «Ғарыш және жер» тақырыбында мақала жазыңыз.
2. Сөз көлемі: 50-80 сөз
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркестерін орынды қолданады
2. Тақырыпты аша біледі
3. 80-сөзден тұратын мақала жазады
4. Стилі жанрға сай
Жұпаралық бағалау.
«Көршің қалай?» әдісі.
Оқушы қасында отырған көршісінің жұмысын алады, бағалау критерийі бойынша бағалайды, ұсынысын білдіреді.
Кері байланыс.
1. Сөз тіркестерін орынды қолданады./ дұрыс қолдануды үйрену керек» деген пікір айту арқылы оқушыларға кері байланыс беріледі.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
ЖЖ
«Үштік» әдісі.
Сыныптағы оқушыларды үштен топтастыру керек. 1-оқушы сұрақ қоюшы, 2-оқушы жауап беруші, 3-оқушы бақылаушы.
Сұрақ қоюшы мәтін бойынша 3 сұрақ қояды. Сұрақ сөз тіркесінің жасалу тәсіліне байланысты болу керек.. Мысалы, « Сіз өз мәтініңізде шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін қолданбапсыз. Неге?; Сіз қосымша арқылы байланысқан сөз тіркестерін жиі қолданыпсыз. Сөз тіркесіндегі қосымшаның рөлі қандай?» т.с.с
Сұраққа жауап беруші сұрақтарға орынды жауап айтады, өзінің пікірін білдіреді.
Бақылаушы екі оқушыны сырттай бақылайды. Қойған сұрақтың салмақтығына, берілген жауаптың ұтымдылығына баға береді, өзінің ұсыныс айтады.
Бағалау критерийі (сұрақ қоюшылар үшін):
1. Сөз тіркестерінің жасалу тәсілдерін ажырата біледі
2. Сөз тіркесінің жасалу тәсілдеріне байланысты 3 сұрақ қояды
Бағалау критерийі (жауап берушілер үшін):
1. Сөз тіркесінің жасалу тәсілін біледі
2. Сөз тіркесінің қолданысына түсінік береді
Бақылаушының бағалауы.
Сұрақ қоюшы мен жауап берушіні бақылаушы бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру