Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан )

 Египет мәдениетінің феномені (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Египет мәдениетінің феномені
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4.1 -мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылар мәтіннен кідіріс, әуездің қызметін анықтайды. Сонымен қатар мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Сабақ барысы:
Тыңдалымалды кезеңі.
1-тапсырма: Суреттерді басшылыққа алып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Египет мәдениеті туралы ақпаратты жұбыңмен ойбөліс.
• Неліктен Египет пирамидаларын мәңгіліктің ескерткіштері деп атайды?
• Джосер пирамидасы кімнің құрметіне жасалған?
• Египет пирамидалары әлем мәдениетінің ежелгі көрінісі болып табылады ма?
2-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ақпаратты есіңе сақта. Жұбыңмен ақылдасып, айтылған ақпараттарды маңыздылығына қарай орналастыр.
Тыңдалым мәтіні:
Хеопс пирамидасы
…Хеопс пирамидасы - жүздеген мың адамдардың ұжымдық еңбегімен зәулімдер жасаған адамзат кемеңгерлігі, ұлылығының өшпес куәсі. Олар патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуаты, мүмкін, саналы түрде болмаса да, шығармашылық еркі өз бейнесін тапты. Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы 235 метр.Ал орналасқан жерінің көлемі 55 мың км2. Құрылысына барлығы 2 млн 300 мыңдай блок қажет болды. Олардың бір-бірімен тығыз қиюластырғаны соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Олардың өзі 20 жыл, ал Ніл бойындағы тасқазаннан тас кесектерін таситын жол 10 жыл салынған. Құрылыстың беріктігі ғажап. 47 ғасырдың ішінде тек ұшар басы ғана үгітілген….
Өмірбекова Ә «Ежелгі әлем мәдениеті»
Бағалау критерийі Дискриптор
Негізгі ойды анықтай алады Негізгі ойды анықтайды
Ақпаратты маңыздылығына қарай орналастырады.
3-тапсырма: «Египет жеріне саяхат» тақырыбында диалог құрастырыңдар. Диалог барысында көңіл күйді, эмоцияны білдіретін дауыс реңкін, яғни әуезді қолданып, алғаш рет Египет пирамидаларын көрген сәтті елестете жауап бер.
Бағалау критерийі Дискриптор
Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолданады Дауыс реңкін орынды қолданады.
Кідірісті орынды қолданады
4-тапсырма: «Хеопс пирамидасы» тақырыбындағы мәтінді тағы бір рет тыңдап, дәптердің (парақтың) бір жағына автордың ерекшелеп, екпін түсіріп айтқан сөздерін, ал екінші бөлігіне автордың неліктен осы сөздерді ерекшелегенін жаз. Жауабыңды жұбыңа түсіндір.
Сөздерді ерекшелеп айту мақсатын мәтін тақырыбымен, мәселесімен, мақсатымен, идеясымен байланыстырып жаз.
Үлгі:
Екі жақты күнделік
Автордың екпін түсіріп айтқан сөздері Сөзді ерекшелеп айтуының мақсаты
Басы ғана үгітілген Пирамидалардың қанша ғасыр өтсе де, сол қалпында тұруына таңғалыс
Тыңдалымнан кейінгі кезең.
5-тапсырма: Неге?Неге?Неге?
Шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсір. Осы сабақта не үйренгеніңді айтып, сөйлеміңді «неге?» деген сұрақпен аяқта. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс.
Үлгі:
1-оқушы: Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер етеді. Неге?
2-оқушы: Египет мәдениетінің феномені болып табылады. Неге?
3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?
4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?
5-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру