Қонақжайлылық (7 сынып, III тоқсан )

 Қонақжайлылық (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достығы
Сабақтың тақырыбы: Қонақжайлылық
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:Екі мәтіннің ерекшелігін, айырмашылығын біледі.
Көптеген оқушылар: Екі мәтін ерекшелігін,айырмашылығын, мақсатын ажырата алады.
Кейбір оқушылар:Стилін, жанрын, аудиториясын,тілдік ерекшелігіне талдай алады.
Сабақ барысы:
Сурет арқылы тақырыпты анықтау.
Сабақтың мақсаты ,бағалау критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма. Екі мәтінді салыстыру.
1-мәтін.
Қонақжайлық – қазақ халқының бағзыдан келе жатқан өнегеге толы ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар, бұл дәстүр адамдар арасындағы түсіністік, бір-біріне деген құрметті, ағайындар ара қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын шыңдайтын жақсы қасиет. Тіпті адамдардың иманын таразылайтын өлшемдердің бірі деп айтуға да болады. Себебі, бұл амалдың өзегінде асыл дініміз Исамның арда құндылықтары жатыр. Адамдарды нәсіліне, тіліне, дініне, ұлтына, ұлысына бөліп-жармай, ықылас пейіл көрсетіп, өз дастарханынан ас-дәм беру қонақжайлықтың басты белгісі. Біздің халқымыздың пейілінің дархандығы, жат, жақын деп айырмайтын қонақжайлық қасиеті мен озық дәстүрлері қай қашанда шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды таң қалдырып отырған. Бұл туралы жазба деректер де көп кездеседі. Байырғы қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі қонаққа тиесілі енші деп бөлінеді екен. Мұндай жомарттық басқа халықтарда өте аз кездеседі. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына, қонып жатуына, құдайы қонақ болуына ешқандай кедергі болмаған. Әрбір үй иесі оны мейілінше сән-салтанатымен, дархан пейілімен қарсы алып, ақ бата ақ тілеумен шығарып салу өмірлік ұстаным есептелген.
Дереккөз: ©ummet.kz
2-мәтін. Әр халықтың қонақжайлылығы туралы бірер сөз қозғайық. Көптеген халықтың қонақ күтуге арналған дәстүрлері бар. Мәселен, сізді Жапонияда қонаққа шақырса, бұл үлкен құрмет. Себебі бұл елде үйлер өте кіші. Сондықтан да тек белгілі бір маңызды жағдайларда ғана қонаққа шақыру әдеті сақталған. Жапондықтарға қонаққа бара қалсаңыз, ас ішуге емес, салтанатты оқиғаның куәгері боласыз десек болар. Үйге кіре берісте ағаштан жасалған аяқ киім беріледі, оны шығарда ғана шешетін боласыз. Қонаққа сыйлық апару міндет. Жапондықтарда «Қонаққа қол - сыйлық әкелу үшін берілген» деген салт бар. Сыйлықтың да дұрыс болғаны жөн. Мейлі, сыйлық қандай болмасын, «Аз да болса көптей көріңіз» деп берсең құба-құп. Онда сізге де сыйлық дайындалып қоюы мүмкін. Сіз жәй ғана басыңызды изеп, сыйлықтың тым «қымбат» екенін айтып, алмауға шара жасайсыз, ал егер үй егесі сонда да қоймай алуыңызды талап етсе, алуыңыз керек. Мәселен, Иранда үй егесі қонаққа үш рет тамақ ұсынуы керек. Ал қонақ үш рет те бас тартуы тиіс. Малайзияда қонаққа міндетті түрде кофе, шәй және тәтті-пәтті ұсынылады. Мұнда үй иесі арнайы ұсынып айтпаса дастарханға қол тигізу - мәдениетсіздік. Боливияда қонақ күту салты тіпті қызық. Қонақ болып барсаңыз, сіз жалғыз тамақ ішесіз. Ал ортақ дастарханға тек жақын адамдар ғана отырады екен. Бұл қонақты тіпті де ренжітпеуі тиіс, себебі бұл дәстүр қонаққа деген ерекше құрметті көрсетеді-мыс.
Massaget.kz
2-тапсырма. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Шақыру қағаздарын жасау.
1-топ. Наурыз мерексіне орай өткізілетін мерекелік кешке шақыру қағазын жасау.
2-топ. Наурыз мерекесіне орай өткізілетін «Наурыз- береке,бірлік,татулық мерекесі» атты ұлттар достастығына арналған дөңгелек столға шақыру қағазын дайындау.
3-топ. Наурыз мерекесіне орай өткізілетін «Наурыз – түркі халқының төл мерекесі» атты конференцияға шақыру қағазын дайындау.
Бағалау критерийі:
- Сауатты жазу
- Ресми стильді қолдану
- Креативті безендіру
Бағалау. Дауыс беру арқылы ең үздік шақыру қағазын таңдау.Әр топ 5 балдық жүйемен әр топтың жұмысын бағалап шығады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру