Батыр туса-ел ырысы №2 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

 Батыр туса-ел ырысы №2 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О2. Ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Мәтіннің мазмұнын түсінеді
Көптеген оқушылар
Мәтіннің форматын ажыратады
Кейбір оқушылар
Тілдік ерекшелігіне талдау жасай алады.
Сабақ барысы: Сабақтың мақсаты таныстырылады.
Сынып оқушылары Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры атақтары бойынша топқа бөлінеді. Неліктен бұл сөздермен бөлінгендіктерін болжап көреді.
Оқылым алдындағы тапсырма.
«Сиқырлы ұяшықтар»
Топтар слайдта берілген ұпай сандарын таңдау арқылы шыққан батыр туралы білетін ақпараттарымен бөліседі. Төмендегі сұрақтарды қоюға болады.
- Бұл батыр кім?
- Қай өңірдің батыры?
- Қандай ерліктерін білесіздер?
Толық ақпарат айтқан топқа ұпай қосылады.
Көп ұпай жинаған топ оқушылары жұлдызшамен бағаланады (тәтті беруге де болады).
Оқылым.
Оқылым мәтіндері беріледі.
1-топқа М.Мәметованың өмірбаяны;
2-топқа М.Мәметованың Сталинге жазған өтініші;
3-топқа М.Мәметованың анасына жазған хаты.
Оқушылар мәтінді түсніп оқиды, түсініксіз сөздер болса сөздікпен жұмыс жасайды.
«Өкіл» әдісі.
Әр топтан бір өкілден шығады, өкілдер кезекпен ауыса отырып өздерінің мәтіндері не туралы екенін өзге екі топқа баяндап береді. (Өкілді оқушылар өздері тадауларына болады немесе мұғалім таңдауына да болады).
Әр топ өз мәтіндерінің тілдік ерекшелігіне талдау жасап, төмендегі кестені толтырады. Топтарға А3 форматты қағаздар беріледі.
Мәтіннің форматы Нешінші жақтан баяндалған Ерекше назар аудартатын сөздер Көп қоданылған сөйлем түрі Етістіктер
Хат/өмірбаян Жай сөйлем/құрмалас сөйлем
Топтар сынып алдында жұмыстарын қорғайды, бір-бірін критерийге сай бағалайды.
Бағалау критерийі Дескриптор Комментарий
Ресми -іскерлік салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасай алады
Мәтіннің форматын ажыратады
Тілдік ерекшелігіне талдау жасай алады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру