Ғылымға бет бұру (6 сынып, IV тоқсан )

 Ғылымға бет бұру (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Ғылымға бет бұру
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.3.1.ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Графиктік мәтінді оқи алады.
Сабақ барысы: «Ғылыми жобалар - оқушылардың үлкен ғылымға деген алғашқы қадамы» деген ойға пікір білдіріңіз.
Оқушылар
КЕЛІСЕМІН, себебі.....
КЕЛІСПЕЙМІН, себебі .... деп пікір білдіреді.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, пікір білдіреді.
Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады, талқылайды.
Жазылымға дайындық кезеңі.
Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты графиктік мәтінді және талқылау сұрақтарын ұсынады. Оқушылар графиктік мәтінмен танысып, ондағы ақпараттарды сұрақтарға жауап беру
арқылы талқылайды. Мұғалім жұптағы оқушыларға екі түрлі мәтін ұсынады.
1-оқушының мәтіні
«Ғылыммен айналысуға қашан бел будыңыз?» деген сауалға респонденттердің жауаптарын бөлу нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің басым бөлігі бұл шешімге негізгі кәсіби білім алу процесінде – 33,3%, сонымен қатар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бел буған екен – 22,9% (1.5-кесте).
Жас қазақстандық ғалымдардың өздерінің кәсіби ғылымға келуге шешім қабылдауын «мектеп кезінде қабылдауы» ең аз сандық көрсеткішке ие – 11,4%. Сонымен қатар айта кететін нәрсе, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 6,8%-дан, яғни екі есеге өскен. Респонденттердің 17,8%-ы қойылған сұраққа жауап бере алмады.
2-оқушының мәтіні
«Ғылыммен не үшін айналысасыз?» деген сұрақтың жауаптары жас ғалымдардың кәсіби қызметінің мотивациялары арасында шығармашылық, белсенді азаматтық және патриоттық ұстанымдарды жүзеге асыру жолдарын іздеу сияқты мотивтердің басым екендігін дәлелдейді.
• 1-тапсырма.
Оқушылар жұпта талқылап жауап береді.
1.5 кестедегі ақпараттарды түсіндіріңіз:
• Ғылыммен айналысу туралы шешімді көпшілігі қашан қабылдаған?
• Ең аз пайызға ие қай жауап нұсқасы? Оның себебі неде деп ойлайсың?
• Сенің ойыңша ақпараттар шынайы ма?
• Бұл 2012 жылы алынған сауалнама нәтижесі бойынша жасалған кесте, сенің ойыңша, биылғы жылғы жауаптар қандай болар еді?
2-тапсырма.
1.7 кестеге назар аударып, ақпаратты түсіндіріңіз.
• Жастардың ғылыммен айналысуына ең басты түрткі қандай?
• 2008 мен 2012 жылдардағы ақпаратты салыстырыңыз. (3-сөйлеммен)
• Сіз қай жауап нұсқасын таңдар едіңіз.
Жазылым тапсырмасы.
«Сауалым бар» тапсырмасы.
Оқушылар төмендегі үш сұрақтың жауабын сыныптастарынан сұрайды. Оқушылар алынан жауаптарды қорытып, графиктік мәтін құрайды.
Сұрақтар.
• Ғылыми жобамен айналысасыз ба?
• Болашақта ғылыммен айналысқыңыз келе ме?
• Сізді ғылымның қай саласы қызықтырады?
Дескриптор
• Жауаптарды талдайды
• Ақпаратты графиктік мәтін ретінде ұсынады
• Қысқа түсінік береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру