Отырар Александрия кітапханалары (6 сынып, IV тоқсан )

 Отырар Александрия кітапханалары (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Отырар, Александрия кітапханалары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.
Сабақтың мақсаттары:
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру.
Сабақ барысы:
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады. Суреттерге қарап ой шақырады. Өз білетіндерін ортаға салады.
Оқушылар қаламдары арқылы төрт топқа бөлінеді.
ЖЖ. Оқылымалды тапсырма
Мәтін алдындағы тапсырма.
Жасырылған тірек сөздерді табу арқылы, мәтіннің мазмұнын анықтаңыздар.
Отырар, Александрия, Мұстафа Шоқай, Тумбукту, кітапхана қоры, өртеніп кеткен, тарихшылардың пікірінше т.б. берілген сөздер мен сөз тіркестеріне қарап, мәтіндердің мазмұнын болжау.
Топтағы оқушылар іштей жұпқа бөлініп, бір-біріне кітап немесе кітапхана туралы сұрақтар қояды, сол сұрақтарға жауап береді.
Оқылым тапсырмасы
Берілген мәтіндерді оқып, мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.
1-топқа:
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті.
Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Нәсір әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті.
Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі. Осындай үлкен кітапхананы IX ғасыр¬да әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жи¬нақтаған.
2-топқа:
Тарихшымыз Уахит Шәлекенов¬тың пікірінше, қазақтардың басым көпшілігі отырықшы болған және қалаларда тұрған. Сонымен ертедегі қазақтар кітап жазған, көп жазғаны соншалық, жазуға арналған жаңа ма¬териалды ойлап табуға тура келген. Бұрын негізінен теріге жазатын. Ондай кітаптар ауырлау келеді. Бұған біздің дәуіріміздің басында Қазақ¬станның оңтүстігінде, Таразда қағаз¬дың ойлап табылғаны дәлел бола алады. Шамасы қағазды әлемдегі ең ірі кітапхана орна¬ласқан Отырар қа¬ласына жақындау жерде дайындаған болар. Сондай-ақ, VІ ғасырда Арал теңізінің солтүс¬ті¬гін¬дегі ел билеген сақтардың патшайымы Аққағаз ту¬ра¬лы да мәлімет бар. Ақ¬қа-ғаз – қазақ тілінде де «ақ қағаз» деген ұғымды білдіреді. Олай болса қағазды қазақтар қолданғандықтан оларға та¬ныс болып тұр ғой! Ақ қағазбен қатар көк, сары, яғни түрлі-түсті қағазда дай¬ындалған болар. Балаға есімді ата-ана¬сы немесе рудың үлкендері қоя¬ты¬нын ескерсек, қазақтар ІІІ-V ғасыр¬лар¬да қағазды біл¬ген болып шығады. Сақтар патша¬йымы Аққағаз туралы қытай дерек¬көздерімен танысқан, та¬ны¬мал француз ғалымы Э. Шаван жаз¬ған. Әрине, кітаптар негізінен Жібек жолы¬ның көмегімен жиналған. – Сіз Александрия кітапха¬на¬сына барып, арнайы зерттеулер жүр¬гізіп жүрген ғалымсыз. Енді Оты¬рар осы кітапханадан да үлкен болды деген сіздің пайымда¬ры¬ңызға жақындап келеміз. – Атақты Александрия кітапха¬на¬сын, Египеттегі Александрия қаласын Македонскийдің бұйрығымен атақты Птолемей II б.з.д. III ғасырда салды. Ол да себепсіз емес. Зұлқарнайын Орталық Азияны жаулап алғанында кітапханаларды көрген шығар!? Олай дейтінім, алғашқы кітапхананы шумерлерді 600 жыл билеген біздің даладан шыққан көшпенділер – Қас¬сит¬тер (қассақтар) ойлап тапқан. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біздің жыл санауымыздың басы¬нан бастап Отырар қаласы да, кі¬тап¬ханасы да көтеріле бастаған.
3-топқа:
Мұстафа Шо¬қайдың аты аңызға айнал¬ған Египеттегі атақты Александрия кітапханасының өртелуі жайлы қауе¬сет¬ті зерттеуге ден қойды. Отырар кітапханасы көлемі жағынан әлемдегі екінші кітапхана болып саналатыны баршаға аян. Сонымен қатар, атақты Александрия кітапханасының өрте¬лу¬ін бүкіл христиан әлемі мұсыл¬ман¬дар¬ға жаба салғандығы да дау тудырады. Алдымен екінші мәселені қарас-тырайық. М.Шоқай бұл жайлы: «Бұ¬ған түркиялық бауырларымыздың жауап беру-бермеуі, жауап берсе, қалай берері бізге беймағлұм», деп кейиді де, одан әрі былай дейді: «Александрия кітапханасын Халиф Әмірдің өрте¬ген¬дігі туралы хикая түгелдей жалған.
– Орыс тіліндегі әйгілі Брокгауз-Эфрон сөздігінде (1891) былай делінген: «…Александрия кітапханасының бүкіл Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі біздің жыл санауымыздан бұрын 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мы¬сырлықтар арасындағы сұрапыл со¬ғыс кезінде өртеніп кеткен… Кітапха¬наның екінші бөлімі, яғни Птолемей заманында жинақталған шағын кітапхана Феодосия дәуіріне дейін сақ¬талған. Оны басқарып тұрған Серафим ертедегі мысырлық алмандардың бірінің ғибадат етуіне кектеніп, партриарх Теофильдің үгіттеуімен Серпион махалласына шабуыл жасаған жауыз христиандар жағынан өртелген болатын (391 ж.). Сонымен атақты ғылым қазынасы әмір әскерлерінің 642 жылғы жорығынан емес, хрис¬ти¬андардың шабуылынан ойрандалған». – Дегенмен, Александрия кітап-ханасын кім ойрандағаны туралы дауға әлі де нүкте қойылған жоқ қой? – Қазіргі замандағы ғылымда да, не араб басқыншылығы кезіндегі ойран мен талан-тараж туралы көп жазған Иоанн Никиуский де, не өзге бір исламға қарсы христиан тари¬х¬шысы да кітапхананың өртенгені ту¬ралы дерек келтірмейді. Сондықтан, кітапхананың жойылғандығын белгілі бір оқиғамен байланыстыру мүмкін емес және бұған пұтқа табынушылар, христиандар немесе мұсылмандар кі¬нә¬лі деп кесіп айту қиын.
4-топқа:
Атақ¬ты Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, ал Отырарды Шыңғысхан 1220 жылы қиратқаны белгілі. Отырар кітапханасы өртен¬бе¬се де тағдыры жан ашырлық. Халық¬тың кітапхананы жақсы көргендігіне таңданбасқа болмайды. Бастарына қа¬тер төніп тұрғанына қарамастан, кі¬тап¬тарды жер астында орналасқан құпия үңгір-қалашыққа (катакомба) тыққандары – тарихтың алдында жа¬саған үлкен ерлік, ұрпақтың келешегіне деген риясыз қамқорлық. Фир¬доу-сидің «Шахнама» кітабында батыр¬дың жер астындағы үңгірлермен қор¬шалған қаладан шығып кеткені жа¬зылады. Тіпті Геродотта, Парсылар¬дың
патшасы Кир Орта Азия қала¬ла¬рын басып алғанда халық сондай үң¬гір¬лер арқылы құтылып кететін, бай¬лық¬тарын тығып қоятын деп жазған.
Осыдан шамасы 30 жыл бұрын, не одан ертеректе, қой бағып жүрген бір шопанның иті үңгірден, сырты терімен қапталған араб тілінде жазыл¬ған көне кітап алып шыққан. Ұмыт¬пасам, шпан¬ның аты Нұрмағанбет. Кітап Оты¬рар қалашығының қасы¬нан табыл¬ған, яғни сол кітапхананың кітабы бо¬луы әбден мүмкін. Афри¬кадағы Мали мемлекетінде туарег деген көшпенді халық бар, солардың астанасы болған Тумбукту қаласында дүние жүзіндегі ең бірінші университет ашылған бола¬тын. Сол туарег халқы осы күндері де кітап-та¬рын әр отбасы сандыққа салып, жерге көміп сақтайды екен.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Мәтіндерде көтерілген мәселені анықтаңыздар
«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы кері байланыс береді. ...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру