Қазақ кенінің атасы (6 сынып, II тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Қазақ кенінің атасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беруге, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай тапсырманы орындауға шақырады:
1-тапсырма.
Кестеде жасырылған тірек сөздерді тауып, мәтіннің мазмұны не туралы болатынын болжаңыздар.
1.геолог 4.академик
2.ғалым 5.Алтай
3.Баянауыл 6.Жезқазған
2-тапсырма.
Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтінді тыңдап болғасын өз болжамдарымен салыстырып, негізгі ақпараттарды айтып, қысқаша мазмұнын талқылайды.
Өмірбаяны
Балалық шағы және білім алуы
Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында, Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен.
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
Атқарған қызметі
• 1920 - 1941 жылдары - Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.
• 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.
• 1952 жылы - әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған.
• 1955 жылы - Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.
Ғылым жолында
Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.
Еңбектері
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған.
3 –тапсырма.
І) Мәтінді екінші қайтара тыңдап, мәтінге байланысты жалпы сұрақтарға жауап береді.
Мәтін кім туралы?
Қаныш Сәтпаев кім?
Ғалымның ғылым жолында қандай еңбектері болған?
Геолог қай жерлерді зерттеуге үлес қосқан?
ІІ) Мәтін мазмұнына қатысты нақты сұрақтар:
Қаныш Имантайұлы қашан, қайда дүниеге келді?
Ғалымның шын аты кім?
Не себептен «Қаныш» аталған?
Ғалым 1920-1941 жылдар арасында қандай қызмет атқарды?
Өмірінің соңына дейін қай қызметте болған?
Қаныш «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін қалай жазды?
Мәтінде ғалымның ән өнеріне қатысты қандай еңбегі айтылды?
Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі қандай?
Ғалым Жезқазған, Ұлытау жерлеріне қатысты қандай зерттеу жұмыстарын жүргізді?
4-тапсырма
Мәтін мазмұнында берілген ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстыру үшін мұғалімдерге мынай сұрақтар қояды:
Ғалымның өз заманында зерттеп кеткен кен орындары қазіргі уақытта жұмысын жалғастыруда деп ойлайсыздар ма?
А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» еңбегінің маңызы қандай деп ойлайсыздар?
ДЕСКРИПТОРЛАР
Тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын болжайды;
Мәтіндегі негіздері ақпараттарды қысқаша талқылайды;
Мәтінге байланысты жалпы сұрақтарға жауап береді;
Мәтінге байланысты қойылған нақты сұрақтарға жауап береді;
Мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстырады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Қазақ кенінің атасы 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақ кенінің атасы