Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы(1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы(1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
Сабақтың мақсаттары: Мәтін тыңдай отырып, мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Оқушылар «Молекула» әдісі бойынша 4 топқа бөлінеді.
Алгортим:
Сынып оқушылары бөлменің ортасына кең жерде бір-бірімен араласып жүреді яғни тынымсыз қозғалыста болады. Мұғалім бір санды атағанда оқушылар сол санмен топтала қалады. Тағы араласады, мұғалімнің командасымен тағы да топтасады. Мұғалім осылай бірнеше әрекеттен кейін қажетті топ санына қарай (сынып оқушыларынң санына байланысты) оқушыларды топтастырады.
Мұғалім оқушыларға сөздік пазл таратып береді. Олар қай залда қандай экспонат болатындығын топпен бірге ақылдасып, кеңесе отырып, пазлды шешеді.
«Сөздік пазлдың» бірінші бөлігі:
1. Алтын зал
2. Қазіргі заманғы өнер залы
3. Этнография залы
4. Тәуелсіз Қазақстан залы
5. Астана залы
«Сөздік пазлдың» екінші бөлігі:
А. Отандық және шетелдік суретшілердің ең таңдаулы шығармалары.
В. Ежелгі көшпелілердің бірегей алтын бұйымдары.
С. зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар.
D. даму тарихын баяндайтын құжаттар, фотосуреттер, экспонаттар.
Е. маңызды құжаттар, тәуелсіздік жылдарындағы әртүрлі саладағы жетістіктер жөніндегі мағлұматтар.
Әр топ сыныпқа өз жауаптарын хабарлайды. Мұғалім барлық топты тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Тыңдалым алды, тыңдалым және тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар 7 қадамнан тұратындығын оқушыларға ескертеді. Оқушылар бұл тапсырмаларды бірде жеке, бірде жұппен, сыныппен орындайды. Мұғалім тапсырманы орындауға кіріспес бұрын ұйымдастырып алады.
Тыңдалым алды тапсырма
1-қадам - ажырату
Мұғалім сыныпқа сабақ тақырыбына байланысты сөздер тізімін береді. Оқушылар алдымен өз бетінше ойланып, содан кейін жауап таба алмаса сыныптасынан, тіпті таба алмаса сөздіктерден іздеп берілген сөздердің мағынасын түсініп алады.
Сөздер тізімі:
Экспонат, жәдігер, мағлұмат, көшпелілер, этнография, археологиялық
Тыңдалым тапсырмасы
2-қадам - белгілеу
Мәтінді тыңдаған соң, тірек сөздерді жазу
3-қадам - сурет салу
Мәтіннен түсінгендері бойынша комикс/диаграмма/мультфильм/блок-схема салу. Суретті толықтыру үшін төрт сөзді ғана қолдану.
4-қадам - түсіндіру
Өзінің көршісіне (жұбына) салған суреті (комикс/диаграмма/мультфильм/блок-схема) бойынша нені салғанын түсіндіріп береді.
5-қадам - түсінікті тереңдету
Осы мәтін мазмұнына ұқсас өзі куә болған немесе естіген, оқыған оқиғаны мысалға алып өмірмен байланыстырады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
6-қадам - сұраққа жауап беру
Сынып оқушылары жұп ішінде тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру. Жұбы үш сұрақ қана қоя алады.
7-қадам - жұптық бағалау
Бағалау парағы бойынша бірін-бірі бағалау. Әр жұп дескриптор негізінде бір-бірін бағалайды:
Дескриптор:
мәтінді түсініп тыңдайды;
өмірмен байланыстырады;
қойылған сұрақтарға жауап береді;
мысал келтіреді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы(1-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы(1-нұсқа)