Отбасы күні (6 сынып, I тоқсан )

 Отбасы күні  (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Отбасы күні
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Құттықтау жазу.
Сабақ барысы: ТЖ.
Оқушыларға жеті атаның (жеті ұрпақтың) атаулары жазылған қағаздар беріледі. Оқушылар оларды рет-ретімен орналастырулары қажет.
1. Бала
2. Немере
3. Шөбере
4. Шөпшек
5. Немене
6. Туажат
7. Жүрежат
ТЖ.Жазылымалды тапсырма.
Оқушылар құттықтау мәтінімен танысады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, тақырыптық жоспар жасайды. Тілдік ерекшеліктерін табады.
Тапсырма:
Мәтінді мұқият оқыңдар. Тақырыптық жоспар жасап, құрылымын анықтаңдар. Тілдік ерекшеліктерін табыңдар.
Дескриптор:
1. Мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін анықтайды.
2. Мәтіннің тақырыптық жоспарын құрастырады.
3. Мәтінде қолданылған тілдік ерекшеліктерді анықтайды.
Оқушылар жауаптарын постерге салады.
Бағалау.
Постерлер кабинет қабырғаларына ілінеді. Оқушылар постерлерді аралап жүріп, стикерге өз пікірлерін жазады.
Постерлер топтарға қайтарылады.
СЖ. Құттықтаудың құрылымдық, стильдік ерекшеліктері талқыланады.
Ж. Жазылым тапсырмасы.
Оқушылар отбасын немесе отбасының бір мүшесін отбасы күнімен құттықтап мәтін жазады.
Тапсырма:
Отбасыңды немесе отбасыңның бір мүшесін Отбасы күні мерекесімен құттықтап, құттықтау мәтінін жазыңдар.Дескриптор:
1. Мәтін құрымын сақтайды:
- Кіріспе бөлімінде құттықтаудың кімге арналғандығын жазады, мерекемен құттықтайды.
- Негізгі бөлімде мерекенің маңызын, мәнін жазады.
- Қорытындыда тілегін жазады, құттықтаудың авторын көрсетеді.
2. Тілдік ерекшеліктерін сақтап жазады.
3. Орфографиялық нормаларды сақтап жазады.
Оқушылар жазбаларын сынып қабырғаларына іледі, әр оқушы кемінде 2 құттықтауды оқып, өз комментарийін стикерге жазып қалдырады.
ТЖ. Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар мерекелерді тойлатудың кұшті жақтары мен әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін топта талқылап, SWOT кестесіне толтырады.
Күшті жақтары
Мерекелерді тойлатудың қандай жақсы тұстары бар екендігі көрсетіледі. W
Әлсіз жақтары
Мерекелерді тойлатудың қандай жаман жақтары бар екендігі жазылады.
Мүмкіндіктері
Күшті жақтарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай пайдасы бар екендігі көрсетіледі. T
Қауіптері
Әлсіз жақтарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай зияны бар екендігі жазылады.
Тапсырма:
Мерекелерді тойлатудың қандай пайдалы, зиянды жақтары және мүмкіндіктер мен қауіптері бар екендігін топта талқылаңдар.
Кестені толтырыңдар.
Дескриптор:
1. Мәселенің жақсы тұстарын көрсетеді.
2. Пайдалы тұстарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай пайдасы бар екендігі көрсетіледі.
3. Мәселенің жаман жақтарын жазады.
4. Жаман жақтарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай зияны бар екендігі жазылады.
Бағалау.
Топтар кестелерімен алмасады. Дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізеді. Кері байланыс береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру