№12 сабақ Жазғы демалыс (3 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: №12 сабақ Жазғы демалыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (Т, Ұ) «Галерея» әдісі. Үй тапсырмасында орындаған «Өмір қауіпсіздігі ережелері» постерлерден көрме ұйымдастыру.
Оқушылар сыныпта отырған орындары бойынша алдымен 1-қатар оқушылары өз постерлерін таныстырады, қалған 2 топ оқушылары «2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілі бойынша бағалайды. Стикерлерге пікірін жазып, жұмыстарға стикерді іледі. Келесі кезекте 2-қатар оқушылары көрмеге орналастыратын жұмыстарын таныстырады, қалған топ оқушылары бағалайды. Осылай жалғасады.
Дескриптор:
- постер мазмұнын тақырыптан ауытқымай құрастырады;
- тақырыпты жан-жақты аша біледі;
- көрнекілік материалдар тиімді іріктелген;
- эстетикалық талғаммен, үйлесімді орналастырады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерін құрастыру.
Негізгі бөлім
3.2.3.1 (Ө,Ж,Т) «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі. Мәтінді іштей оқу. Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Ең ұтымды сұрақты белгілеу.
Жазғы демалыс
Інім Ілияс екеуміз Қапал, Көшкентал ауылында демалыстамыз. Маңайдағы Баян-жүрек, Мұзбалақ, Шыңбұлақ, Тамшыбұлақ, Бүркітті, Сайынбөлек деген тау мен жер аттарына ерекше қызығудамыз. Жағалай қайың, қарағай, шырша, арша ағаштары жайқалып тұр. Таңқурай, алма, долана, сиыр бүлдірген, қой бүлдірген, қара бүлдірген балбырап пісе бастаған.
Емдік, шипалы жылы суы бар ауыл өте көңілді. Інім екеуіміз атқа мінуді үйреніп алдық. Ауыл балаларымен асық ойнап, өзенге суға бірге түсеміз.
Әжемнің өз қолынан дайындаған құрт-ірімшік, талқан-тарысы қандай дәмді десеңші! Қымыз, сүт, айранның дәмі бал татиды. Ал, кешқұрым дастарқан басында әжемнің әсерлі әңгімесі сондай қызықты!
Ислам Боранхан
№14 мектептің 4 «Б» сынып оқушысы,
«Айгөлек» журналынан
Әр оқушы алдымен өзі ойланып мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 2 сұраулы сөйлем құрастырып жазады. Құрастырған сөйлемдерін көршісі екеуі (жұпта) талқылап, ұтымды 2 сұраулы сөйлемді анықтайды. Қажет жағдайда сөйлемді толықтырады. Парталардың орналасу қатары бойынша үлкен 3 топ құрауға болады. Оқушылар сынып ішінде еркін қозғалып, топ құрайды. Әр жұп өз сұраулы сөйлемдерін ортаға салады. Топ мүшелері ақылдасып, ең ұтымды 2 сұрақты белгілейді. Топ сұрақтарын келесі топтарға қояды. Өзара жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтырады. Мұғалім жұмыс үдерісін бақылап, оқушылардың жақсы идеяларын атап өтеді. Оқушылар жұмысты бағалау критерийлері бойынша өзара бағалай алады.
Сұрақтар үлгісі:
- Балалардың жер атауларына неліктен қызығушылығы туындады деп ойлайсың?
- Балалар ауылға қай айда барды?
- Бұл ауылда қандай ұлттық ойын түрлері сақталған? т.с.с.
Дескриптор
- пікір білідіруге бағытталған сұрақты құрастыра алады;
- сұраққа өзіндік пікірін білдіріп, жауап береді.
Сергіту сәті. «Қимылды жалғастыр» ойыны.
Шеңбер бойына орналасқан оқушылар толқын бойымен қимылды жалғастырып жасайды, ойын басшысы қимыл түрін ауыстырған сәтте шатаспау керек. Оқушылардың зейін қою, байқампаздық қабілетін дамытуға ықпал етеді.
3.1.3.1 (Ж) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.
Өздеріңнің соңғы демалыс кезінде қыдырған сәттеріңді, қызықты оқиғаларыңды еске түсіріңдер. Оқиғаларыңмен бөлісіңдер. Сөйлесу барысында бір-біріңе:
- нақтылаушы сұрақтар қоюға;
- себебін сұрауға болады.
Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. 1 минут ішінде қарама-қарсы тұрған оқушылар бір-біріне оқиғаларын баяндап, қойған сұрағына жауап беріп, диалогке түседі. Уақыт өткен соң, белгі беріліп, сыртқы шеңберде тұрған оқушылар бір қадам оңға жылжып тұрады. Оқушылар жаңа жұбымен диалогті қайта бастайды. Осылай жұмыс жалғасады. Мұғалім шеңбердегі оқушылардың сөйлеу дағыдысын бақылайды. Қажет жағдайда бағыт береді.
Тапсырма соңында оқушылар өзара кері байланыс беруі ұйымдастырылады.
Маған ұнаған оқиға..., себебі...
Саралау
Оқушылар әңгімеге арқау болатын қызықты оқиға таппаған жағдайда, түрлі жазғы демалыс туралфотолар мен суреттер беру. Әр оқушы сурет, фото негізінде оқиға айтуына қолдау көрсетіледі.
- диалогке белсенді қатысады;
- сөйлеу барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды;
- тақырыптан ауытқымайды.
3.3.5.1 (Ө; Ж, Қ) «Еркін жазу» әдісі. 2 мин уақыт аралығы беріледі. Өзің тыңдаған ең қызықты оқиғаны жазу. Сөйлем және сөз санын анықтау.
Өзара тексеру. Қатені табу және түзету.
Қателерді анықтау және түзету......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары №12 сабақ Жазғы демалыс 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №12 сабақ Жазғы демалыс