13- сабақ Түбір сөз Сәуле өнері туралы алғашқы түсінік (3 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: 13- сабақ.Түбір сөз. Сәуле өнері туралы алғашқы түсінік.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттры: (оқу бағдарламасына сілтіме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
Оқушылардың көбі:
• сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды
• мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау
(Т) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
«Елшілікке бару» тапсырмасы. Оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлеміз. Әрбір топқа мәтін беріледі. Топ мүшелері ақылдаса келе, мәтінге тақырып қояды. Оқушылар мәтінді оқиды. Әр топтан бір оқушы өз түсінгенін келесі топқа әңгімелейді. Топ мүшелері оқушының түсіндіргені бойынша мәтіннің мазмұнын жеткізеді. Мәтіннен түбірлес сөздерді табады.
Топта жұмыс жасау ережесі :
Т–талқылаймыз,
О–ортақ шешімге келеміз,
П–пікірлесеміз,
Т–тыңдаймыз,
А–ақылдасамыз.
І топтың тапсырмасы:
Сәулет-өнері бұл барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді.
Архитектор – гректің «архитектан» деген сөзінен алынған атау.
Алғашқы мән мағынасында іс жүзінде әлде қандай бір жаңа кәсіптің, оның ішінде құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді. Грек жазушылары «Архитектон» сөзінің орнына кейде қазіргі құрылысшы – инженер сөзіне жақын «Айкодоис» - «үй тұрғызушы» деген сөзді пайдаланды, ал Даль – архитектр деген терминге анықтама бергенде. Архитектор – «ғалым -құрылысшы», «суретші – құрылысшы» деп атайды.
Архитектура – бұл «пайда, беріктілік және сұлулық» заңымен материалдық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған, өмір сүруге қолайлы орта құру өнері.
Сәулет өнерінің мақсаты – кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым – құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру.
Инженер - құрылысшылар архитектураның негізгі техникалық мәселелерін шеше отырып, конструкциялық түзілімдер мен құрылыс әдістерінің өзінің өне бойында жасырып, бүгіп жатқан эстетикалық мүмкіндіктерін жақсы түсініп, ұғынуы тиіс.
Сұрақтар:
1. Архитектура сөзі гректің қандай сөзінен алынған?
2. Грек жазушылары «Архитектон» сөзінің орнына қандай сөзді пайдаланды?
3. Архитектура қандай өнер? Архитектор деген кім?
4. Сәулет өнерінің мақсаты неде?
ІІ топтың тапсырмасы
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа 130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды.
Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат.
Сұрақтар:
1. Сәулет өнерінің дамуына үлес қосқан ел
2. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі
3. Акрополь қай жерге салынды?
4. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан жаңалығы
5. Римдегі сәулет өнерінің кезеңдерін ата
ІІІ топтың тапсырмасы
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.
Сұрақтар:
1. Архитектура, сәулет өнері қандай өнер?
2. Архитектура сөзінің латынша мағынасы қандай?
3. Адамдар неолит дәуірінде үйді неден салған?
4. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстарды ата. Оларға анықтама бер.
Бағалау дескрипторлары:
1. Мәтінге қойылған тақырыптың мәтін мазмұнымен сәйкестігі.
2. Топ мүшесінің мәтін мазмұнын келесі топқа дұрыс жеткізуі.
3. Оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі.
4. Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтарға оқушылардың дұрыс жауап беруі.
5. Оқушылардың мәтіннен түбірес сөздерді дұрыс таба алуы.

І топ: Түбiр сөздi тауып, тақтаға шығып, жазады. (Қыста, ағаштар, шанамен, қардан, терезеге)
2.Бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздерді жазыңдар. Мысалы: кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы
3.« Мақал - сөздің мәйегі»
Білек... бірді жығар,
Білім... мыңды жығар.
ІІ топ: 1.Түбiр сөзге жалғанатын қосымшаны жазады.
(- мен,- та,- ге,- тар,- дан)
Шығармашылықпен жұмыс.
2.Сөйлемдердің тиісті қосымшасын жалғап құрастыру.
1. Торғай ағаш қон.
2. Үй қызық кітап көп.
3.« Мақал - сөздің мәйегі»
Әке....... қарап ұл өсер,
Ана......... қарап қыз өсер.
ІІІ топ:1.«Менің досым» тақырыбына әңгіме жазу.
2.Төмендегі түбір сөздерді қосымшалы етіп жаз.
Сөйлем құра. Мысалы: ойын, дәрі, қора
3. « Мақал - сөздің мәйегі»
Еңбек....... наны тәтті,
Жалқау....... жаны тәтті.
Тест тапсырмасы
1. Түбір сөзді тап
а) аға
ә) ағайын
б) ағалар
в) ағайындас
2. Қосымша деген не?
а) түбір, жұрнақ
ә) түбір, қосымша
б) түбір, жалғау
в) жұрнақ, жалғау
3. Түбірлес сөзді тап?
а) балықшы, әнші
ә) күйші, ақын
б) сыйлық, сыйлы
в) қала, сабақ
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
а) түбірлес сөз
ә) туынды сөз
б) негізгі сөз
в) дара сөз
5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?
а) бірнеше түбірден
ә) екі түбірден
б) бір түбірден
в) әртүрлі түбірден....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары 13- сабақ Түбір сөз Сәуле өнері туралы алғашқы түсінік 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 13- сабақ Түбір сөз Сәуле өнері туралы алғашқы түсінік