№ 50-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: № 50-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды
Оқушылардың көбі:
-диалогке белсенді қатысады;
-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
-туынды сөздердің құрамына ажырата алады
Оқушылардың кейбірі:
-диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Психологиялық ахуал.
Уақыт туралы нақыл сөздер. Мақалдың мағынасын ашу.
«Уақыттың бос өткені — өмірдің бос кеткені» деген мақалдың мағынасы талқыланады.
Қарамен берілген сөздерді түбір мен қосымшаға ажырату ұсынылады.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
ІV. Негізгі бөлім
3.4.2.1 (МК, Ұ) «Ізденемін, ойланамын!» түбірлес сөздер қатарын толықтыру.
Тапсырма 1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазады.
Сөздер қатары:
1. Бас, ..., ..., ... (басшы, бастық, басқарма, бастау, басшылық т.б.)
2. Су, ..., ..., ...суат, сулық, сусын, сусыз т.б.)
3. Қол, ..., ..., ... (қолхат, қолбасшы, қолдау т.б.)
Тапсырма 2. «Ойлан, ізден, тап» әдісі арқылы сұраққа жауап іздейді.
Бір түбірден қанша түбірлес сөз жасауға болады?
(Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.)
(Ө) Оқулықта берілген бейнесуреттерді және тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау. Құрылған сөйлемдер негізінде әңгімелеу мәтінін құрау. Мәтінге ат қою. Бейнесуреттердегі тірек сөздерді түбірі мен қосымшасына қарай ажырат.
Бейнесуреттердегі тірек сөздер: кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы.
(Мәтіннің тақырыбы: Кітапханада.)
Тірек сөздерді сызбамен сәйкестендір.
Кітапша, кітап, кітапханашы, кітапхана
3.1.3.1 (Т, Ұ, Қ) Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеуге байланысты топтық жұмыс ұйымдастырылады.
1-топ. 1-жағдаят. Жыл соңында Әсел мен Марат кітапханаға кітаптарын өткізуге бірге барды. Марат сөмкесінен кітабын алып шықты. Парақтары жыртылған, тоз-тозы шыққан оқулықты сөмкесінен суырып алды. Мұны көрген Әсел орнынан тапжылмай, тұрып қалды…
Сұрақтар:
1. Әселдің әрекеті қандай болды деп ойлайсың?
2. Әселдің орнында сен болсаң, не істер едің немесе не айтар едің?
3. Мараттың жауабы қандай болды?
4. Екеуінің іс-әрекетін салыстыр.
2-топ. 2-жағдаят. Аянға анасы сабақтан келген соң, үй шаруасына қатысты біраз тапсырмаларды беріп, орындауын өтінген болатын. Ол болса, жұмысты кешкісін жасаймын деп ойлап, алаңсыз ойнап кетті. Уақыт лезде өте шықты. Кешкісін үйге Аян анасымен қатар кірді. Сол кезде ғана анасының тапсырмасы есіне түсті...
Сұрақтар:
1. Анасының әрекеті қандай болатынына болжау жаса. Өз ойыңды негізде.
2. Тапсырманың орындалмауына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
3. Аянның іс-әрекетіне баға бер.
4. Анасының атынан сөйле.
(Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды:
- жағдаят мазмұнына сай сөздер тізбегін қолданады;
- дұрыс ой тұжырымын жасайды, диолгке қатысады;
- сөйлеу мәдениетін сақтайды.
3.1.4.1 (Т, Қ) Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құрау. Мұғалім оқушыларға тірек сөздер мен жоспарды ұсынады. Мәтінге ат қояды. Топтық жұмыс арқылы әңгіме құратылады.
Тірек сөздер: Әлиасқар, қолөнер мектебі, мүсінші, мүсін жасау, өнер, байқау, жүлделі орын.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары № 50-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 50-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ