Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу (2 сынып, IV тоқсан )

 Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Асырап алған жануарды күтіп-бағуға арналған нұсқаулық жазу
Оқу мақсаты: 2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады;
2.3.2.1 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады;
2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. тауып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылармен сыныпта жайлы ахуал орнату. Балалар көңілді шеңберге тұрып бүгінгі күнге жылы тілектерімізді білдірейік.
Арайлап таң атты!
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем, сәлем, сәлем!
Бүгінгі күнге жақсы тілектер айттыңдар. Мен де сендерге бүгінгі күндірің сәтті болсын деймін.
(Ұ,Т) Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтар
Лағымның құлағы, мелтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.
(күшік)
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
(мысық)
Жақсы олай болса біз бүгін сендермен суреттер сөйлейді деген ойын ойнаймыз. Қазір сендер 4 топқа бөлініп отырасыңдар, мен әр топқа бір суреттен таратып беремін. Осы суреттегі бейнеге қарап, оны сөйлету сендердің басты міндеттерің.
(Т) Топпен жұмыс. Сурет бойынша жоспар құрыңдар. Тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрыңдар.
Күз мезгілі, себелеп жаңбыр жауып тұр, үй ауласында, кішкентай күшік, жаңбыр астында, үйі жоқ, жалғыз, қарны аш, көңілсіз.
Кішкентай күшік, сабақтан келу, оқушы қыздар, күшікті байқау, жаны ашу, қамқорлық көрсету, асырап алу, жаңбыр суы, басы салбырап
Жылы үй, тамақтандыру, кептіру, жуындыру, ат қою, тамашалау, риза болу, ата-анасы келісу, үйде ұстау, жақсы дос, жаңа дос
Қарны тойған, тәтті ұйқыға бату, мейрімді қыздар, еденге кілемше төсеу, үйдің бұрышы
(Ұ) Диаграмма арқылы даладан тауып алған кішкентай күшіктің өмірін салыстырыңдар.
Күшіктің даладағы өмірі Үйдегі өмір
(Ж) Досың екеуің аулада ойнап жүріп, панасыз қалған кішкентай мысықтың баласын тауып алдыңдар. Қарны ашқан мысық бір бұрышта мияулап тамақ жегісі келіп отыр. Үйге алып кірейін десеңдер ата-аналарың қарсы. Сендер не істер едіңдер? Екі достың арасындағы диалогты құрыңдар.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру