Менің мектебім және сыныптастарым (2 сынып, II тоқсан )

 Менің мектебім және сыныптастарым (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Менің мектебім және сыныптастарым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау
2.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, тақырып бойынша диалогке қатысады.
Сабақ барысы. Мақалдың мағынасын анықта. Жұпта талқылау.
Біздің ойымызша, мақалда ............................................. айтады.
Кітап - алтын қазына.
Алтын алма, білім ал.
Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.
Күш - білімде, білім - кітапта.
Білім гауһар - Бағасы жоқ.
Сабақтың мақсаты мен тапсырма түрлері айтылады.
Жұптық жұмыс. Мектеп-біздің анамыз. (83-бет)
Тапсырма.
1) Өлеңді оқиды
2) Өлеңнің тақырыбы анықтайды
3) Тірек сөздер арқылы өлеңнің негізгі ойын анықтау.
Тірек сөздер: күзде, қыркүйекте, сағыну, гүл әкелу, келу...
Жеке жұмыс. Әр оқушыға өлең мазмұны бойынша сұрақтар таратылады. Оқушылар өлеңнен тауып өз сөздерімен жауап береді.

1. Балалар қашан мектепке келді?
2. Күзде не піседі?
3. Ауа райы қандай болды?
4. Балалар қайда келеді?
5. Олар нені сағынды?
6. Оларға кімдер қарайды?
7. Қандай шыраймен келді?
8. Оқушылардың жүздері қандай?
9. Олардың қолдарында не бар?
10. Өлең не туралы?
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды, Тірек сөздерді қолдана алады 1
Сұрақтарға жауап бере алады 1
Негізгі ойды анықтай алады 1
Оқылым. Мәтінмен жұмыс. Жеке жұмыс.
Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат. Ал сыныптастарым - білімді, ақылды, мейрімді балалар. Олар сабақты жақсы оқиды.
Сыныптастарым бос уақытта әртүрлі үйірмелерге барады. Олар спорт, қолөнер, шахмат үйірмелеріне барады.
Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Бір-бірімізді сыйлаймыз, құрметтейміз.
А) Мәтін бойынша 2 сұрақ қойыңыз.
В) Мәтіннің түрін анықта.
А) сипаттау
В) әңгімелеу
С) пайымдау
С) мәтін бойынша негізгі ойды анықтап жаз.
Мәтіннің бөліктері Сөйлемдер
Басы
Негізгі бөлігі
Соңы
Жұптық жұмыс. Диалог құру. Менің сыныптастарым. Сөйлеу әдебін сақтауға арналған нұсқаулық беріледі.
1. Амандасу (сәлем)
2. Қал сұрасу (қалың қалай)
3. Тақырып бойынша сұрақ қою: Сенің сыныпта досың бар ма?
4. Жетелеуші сұрақтар қою: Сыныптас досың немен бос уақытта немен айналысады?
5. Қолдаушы сөйлемдер айту: Өте қызықты екен, рахмет
6. Әңгімеңе рақмет!
Бағалау (топтық бағалау)
Керемет
Орташа
Жеке жұмыс. 85-бет, оқулық. Өлеңді жалғастыр, өз ойыңды қос.
Менің мектебім.
Алтын ұя мектебім
Армандарым .........
Пайдам тисін еліме,
...... ........ ................


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру