Мейірім көзі (2 сынып, I тоқсан)

 Мейірім көзі (2 сынып, I тоқсан)

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Берілген тірек сөздерді қолданып ауызша әңгіме құрау.Отбасы және спорт. Мейірім көзі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.2.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау.
Сабақ мақсаттары: Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Аспанда күн ыстық
Ал жерде кім ыстық
Әке мен шешеміз
Сүйікті тым ыстық
Жасасын туыстық!
Достық пен тыныштық.
«Кім тез айтады?» ойыны арқылы өткенді қайталау. Ақ қағазда отбасы мүшелерінің аттары жазылады. Қағазда жазылған сөзге мақал-мәтелдер құрастырады.
Қызығушылықты ояту.
Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім
Бүгінгі сабақтың тақырыбы кімдер туралы болмақшы?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым деп аталады.
Бұл тақырыпқа қандай мақсат қоюға болады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Сабақтың мақсаты: Тірек сөздерді қолдана отыра сөйлеу қабілеттеріңді дамыту және берілген ақпаратты түсіну.
Ал енді оқу мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін құрап алуымыз керек.
1) Отбасы мүшелерін білу.
2) Отбасы мүшелерінің рөлін білу.
Жеке жұмыс. Кестені толтыру.
№ Сөйлемдер ия жоқ
1. Менің отбасымда бес адам бар
2. Олар анам, әкем, сіңілім, мысығым және мен.
3. Менің сіңілім, інім бар
4. Менің інім дәмді тамақ пісіреді
5. Менің анам ағаш жарады.
Жұппен жұмыс.
Мәтінді дауыстап оқыту. Мәтіннің түрін ажырату.
Менің отбасым
Менің отбасымда бес адам бар. Анам, әкем және екі інім бар. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Мен анама үй жинауға көмектесемін, інілерімді бағамын. Отбасымен серуенге шыққанды ұнатамын. Біз әр мейрамды бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым- ең үлгілі отбасы.
«Бес жолды өлең» стратегиясы арқылы отбасы тақырыбына өлең құрастыру.
1.Не?
2. Қандай? /2 сын есім/
3. Не істейді? /3 етістік/
4. Бір сөйлем.
5. Синоним.
Қорытынды.
«+», «-» ойыны арқылы қорытынды жасау.
1. Ата мен әже –отбасы тірегі.
2. Отбасы мүшелері бір-біріне көмектесу керек.
3. Отбасы-шағын мемлекет.
4. Отбасы тату болмайды.
5. Балалар ата-анасын тыңдамайды
6. Отбасы мүшелері бір-біріне көмектеспейді.
7. Ата-ана өмірдегі қымбатты адамдар.
8. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
9. Әке-отбасыныңасыраушысы, қамқоршысы.
10. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алмайды. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру