5-сабақ Шоқан мен мүсінші бала (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 5-сабақ Шоқан мен мүсінші бала (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 5-сабақ Шоқан мен мүсінші бала
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау.
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған оқиғаның соңын болжап айту.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
3. Тірек сөздер көмегімен мәтіннің мазмұнын жазу.
3. Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айту.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі оқиғалардың соңын болжайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.
Ой қозғау. Шоқан Уәлиханов дарынды, ізденімпаз балаларды жақсы көретін. Сондай талантты балалардың бірі – Мысыққа қалай көмектескенін білесіңдер ме? Олай болса, мүсінші бала Мысықпен танысайық. Сабақтың тақырыбы – «Шоқан мен мүсінші бала».
Сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Тыңдаған оқиғаның соңын болжап айту.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
3. Тірек сөздер көмегімен мәтіннің мазмұнын жазу.
1. Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айту.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, анықтама беру, синонимдер арқылы меңгерту.
МҮСІНШІ – саздан, ағаштан, металдан адамның, жануардың т.б. кескінін жасаушы адам.
Дұрыс айт!
Жазылады: мүсінші Айтылады: [мүсүншү]
(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Әңгіме қалай аяқталғанын болжайды. Сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:
˗ - мәтінді аяқтайды;
˗ - жүйелілікті сақтайды;
˗ - сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
“Блиц-бақылау” әдісі: суреттердің көмегімен мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. (Сұрақтарды мұғалім қояды. Оқушылардан сұраққа толық жауап беру талап етіледі.):
1) Шоқан жазғы демалыста қайда келді?
2) Шоқан ауылда кіммен танысты?
3) Шоқан Мысыққа не үшін көмектесті?
(Ұ. Ө) Айтылым. Жазылым. Оқушылар берілген сөздерді айтқанда қандай дыбысты қолданатынын, жазғанда қай әріппен жазатындарын айтады. Сөздердің дұрыс жазу және айтылу транскрипциясын көрсетеді.
Үлгі: ұлы [ұлұ], ......
Дескриптор:
˗ - сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды;
˗ - сөздерді дұрыс айтады;
˗ - сөздерді дұрыс жазады;
- айтылуы транскрипциясын көрсетеді.
(Ө) Жазылым. Оқушылар берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру