Әнші болғым келеді №4 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Әнші болғым келеді №4 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған/тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
• Тірек сөздерді қолданып, мәтінді әңгімелеу.
• Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді қолдану.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді ажыратады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған/оқыған мәтіндердің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді және мазмұндайды, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін мазмұнын айтады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру
Әр оқушы қасында отырған көршісінің жұмысын тексеріп, пікір айту арқылы бағалайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Оқыған/тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін.
• Тірек сөздерді қолданып, мәтінді әңгімелеймін.
• Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді қолданамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы, синоним, анықтама беру арқылы меңгерту
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
Әнші- ән айтатын адам
белгілі- атақты, танымал, әйгілі
сахна – әншілер, бишілер, күйшілер өнер көрсететін орын
Тіл дамыту сұрақтары
Ән айтқанды жақсы көресің бе?
Қандай белгілі әншілерді білесің?
Сенің сүйікті әншің кім?
Оқылым алды тапсырма
• Роза Рымбаева кім?
• Ол кісінің қандай әндерін білесің?
(Ө) Оқылым мәтіні
«Белгі қойып оқу» әдісі
(Әр оқушы өздігінен оқып отырып, таныс емес сөздің астын сызып отырады. Оқып болған соң, астын сызған сөздерді сыныпқа айтады, білетін оқушылар анықтама беру арқылы, синонимдер айту арқылы түсіндіреді).
Ән байқауы- ән сайысы, талантты балалар қатысады, 1,2,3 орындар береді, сыйлықтар береді
Бас жүлде-
Роза Рымбаева - қазақтың белгілі әншісі. Ол 1957 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді.
1975 жылы Алматыдағы спорт сарайында республикалық ән байқауы өтті. Осы ән байқауында Роза бірінші рет сахнаға шықты. Ақ көйлек киген кішкентай қыз бас жүлдені жеңіп алды. Роза сахнада «Әлия» әнін орындады. 28 жасында халық әншісі атанды.
Роза Рымбаева - халықтың сүйікті әншісі.
(Ө) Сұрақтарға жауап береді (толық жауап берудің қажеті жоқ, бір-екі сөзбен жауап берсе болады).
1. Роза Рымбаева кім?
2. Ол қашан және қайда дүниеге келді?
3. Роза Рымбаева сахнаға қай жылы шықты?
4. Ән байқауында қандай жүлдені жеңіп алды?
5. Әнші ән байқауында қандай әнді орындады?
6. Неше жасында «халық әншісі» атағын алды?
Орындап болған соң, оқушылар көршісімен ауысады да, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Мұғалім дұрыс жауапты оқиды. Оқушылар көршілерін бағалайды.
«Өте жақсы» - 6 балл
«Жақсы» «4-5» балл
«Талпын» «2-3» балл
«Ойлан» « 0-1» балл
(Т) Тыңдалым тапсырмасы.
1. Мәтінді екі рет тыңдайды.
2. Жоспар құрады.
3. Сан есімдерді, тірек сөздерді анықтайды.
4. Тірек сөздерді қолданып, жоспар бойынша мәтін мазмұнын шеңбер бойымен әңгімелейді.
Дескриптор:
Жоспар бойынша әңгімелейді.
Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
Санды білдіретін сөздерді дұрыс айтады.
Сөйлемді дұрыс құрайды......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Әнші болғым келеді №4 сабақ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әнші болғым келеді №4 сабақ