Мектеп асханасы (1 сынып, 7 бөлім )

 Мектеп асханасы (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Мектеп асханасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу
1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу
Сабақ мақсаттары: Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелесеміз және жазамыз.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңбері»
Амандасу түрлері
1 шапалақ-қол алысып амандасады
2 шапалақ -құлақтарымен амандасады
3 шапалақ-арқаларымен амандасу
4шапалақ- құшақтасып амандасу.
Өткенді қайталау
«Ішкі, сыртқы шеңбер» әдісі.
Оқышылар ішкі және сыритық шеңберге тұрып, бірін-біріне өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.
/өзара кері байланыс беру/
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
-Бұл не? (алманы көрсету)
- Сен оны алма.
- Бұл не? (ішін көрсету)
- Міне сен су іш.
-Не байқадыңдар? (оқушылардың жауабы)
Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелесеміз және жазамыз.
(Т) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: тамақтану мәдениеті жайлы білу.
Постер жасау. Окушылар мәтінді топта оқиды. Оларға постер жасау үшін маркер, қарындаштар, АЗ беріледі.
1- топ Тамақтану мәдениеті неден басталады?
2- топ Тамақтану мәдениеті не үшін керек?
3- топ Ас ішетін құралдарды дастархан басында қалай қолданасың?
4- топ Дастархан басында не істеуге болмайды.
Топтар тақтаға шығып қорғайды.
/өзара бағалау/
Сергіту сәті. «Көңіліді күн»
(Ж) Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді анықтау. Нұсқаулық:
1.Мәтіндегі келесі сөздердің астын сызу. Іш, ас, тамақ, дастархан басы
2.Осы сөздерді басқа мағынада қолданып көр.
(ҚБ) Жұптағы оқушылар бірін-бірі тыңдап, толықтыру арқылы өзара бағалайды. Ең жақсы құрылған сөйлемдерді дәптерге жазу.
Арманның іші ауырды. Суды асықпай іш.
Бүгін ет ас. Ас дәмді болды.
Анамның пісірген тамағын ұнатамын.
Тимур тамағын шарфпен байлап алды.
Дастархан басында әдепті бол.
Атамның басында қалпақ бар.
Рефлексия
Мақсатқа қайта оралу.
-Бүгін сабақта не үйрендік?
Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелестік және жаздық.
Оқушылар түстер арқылы бағалайды.
5- Сары – барлығы түсінікті
6- Қызыл – түсінбеген жерлерім бар....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру