Табиғатты тану «В» дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )

 Табиғатты тану «В» дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты тану. «В» дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
Сабақ мақсаттары: Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.
Қоршаған ортаға сәйкес табиғатты сипаттап әңгімелеп береді.
Сабақ барысы: • (Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
• (Ұ)Үлкеге де сіз
• Кішіге де сіз,
• Сәлем бердік сіздерге
• Құрметпен біз.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
• Ұ)Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу
Теуіп – теуіп қалдым,
Алысқа ұзап бардым.
(велосипед)
Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар.
(трамвай)
1-топ: Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын!
Әліппені 5-ке оқып,
Білімді оқушы боламыз дегенбіз.
(МК)
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз .
(Ұ)2) - Өте жақсы балалар, ендеше оқулығымызды ашалық. В әлеміндегі кезекті тапсырмамыз жұмбақты шешу керек.
Үй ішінде - бөлме,
Бөлме іші - көлде.
Түрлі ұсақ - балық,
Жүзді сайран салып.
- Шешуі не екен? - Аквариум
- Аквариум дегеніміз не, білеміз бе?
- Көргенбіз бе?
Аквариум сөзі де орыс тілінен енген екен. Бұл сөздің қазақшасы қандай мағына береді деп ойлайсыңдар? ( оқушыларды сөйлету)
- Дұрыс. Аквариум - қолда балық өсіруге арналған су құйылған шыны ыдыс.
- Өте жақсы балалар, ал енді осы жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құрап көрейікші.
1. Мен аквариумнен түрлі балықтарды көрдім.
2. Арман аквариумдегі балықтарға жем берді.
(Ұ)3)Мәтінмен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді оқу және әдеби емес мәтінмен танысу.
(Ж)4) Суретпен жұмыс
Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- В дыбысы қандай дыбыс?
- В дыбысы кездесетін қандай сөздер білеміз?
Сабақта сөз жұмбақ арқылы қорытындылаймын.
1. Түйе сүйіп жейтін шөп. (Жантақ)
2.Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп (Вагон)
3. Табанында жолы бар
Төбесінде қолы бар (трамвай)
4. Поезға қай жерден мінеміз? (Вокзал)
5. Суда жүзетін көлік (Қайық)
6. Ең жақсы баға (Бес)
7. Үй жануары (Мысық)
Сөз жұмбақтың шешімі : Жарайсың
Оқушыларды мадақтау
• Рефлексия.
Сабақты қорыту
Балаларға: - вагон,велисипед, вокзал,аквариум сөздерін анық және дұрыс айтқызу
Рефлексия. «Басбармақ»
• сабақта барлығы түсінікті және қызықты болса, басбармақты жоғары, түсініксіз жерлері болса, басбармақты төмен түсіресің.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру