Ауа райы туралы өлең оқимын (1 сынып,4 бөлім )

 Ауа райы туралы өлең оқимын (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең оқимын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтеме)1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Буындап оқиды, сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөздерді еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрайды.
Сабақ барысы: Таңғы шеңбер:
Орнымыздан тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық.
Қазақ тілі ұнайды,
Қара, тыңда, орында.
Кейін сенен сұрайды.
«Ұйқасын тап» ойыны (қайталау)
(Ұ)-Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
-Ендеше қазір сендермен ойын ойнаймыз.
Мен сендерге басын айтамын, ал сендер ұйқас сөзді тауып аяқтау керексіңдер..
-Ра,ра,ра оқулыққа .....
Қы,қы,қы мәтінді ......
Аз,аз,аз, дәптеріңе .....
Ер, ер, ер, сұраққа жауап .....
Қы,қы,қы сабағыңды ....
Ол, ол, ол- жақсы бала .....
Оқушының іс-әрекеті:
Оқушылар оқиды, ұйқасын табады.Өлең екенін айтады.Хормен оқиды. Әндетіп те оқиды.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді қараңдаршы, бізде не пайда болды? (өлең).
Балалар, бүгін біз ауа райы жайлы өлеңдер оқимыз.
-Бүгін ауа райы қандай?
күні айы жыл Ала бұлтты Жаңбыр Қар
Найзағай
Жаңа сабақ
(Ж) Әр жұпқа сөздер таратылады. Өлең жолын құру.
1.Қыс келеді уілдеп,
Ақ бораны гуілдеп.
2. Аяз бетті тістейді,
Сиқырлы ою істейді.
3. Дала қарға оранды,
Елемейміз боранды.
4. Қысқы ойын көңілді,
Енді қызыққа оранды.
5. Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
6. Құстарға ұя қағамыз,
Ағашқа байлап тағамыз.
7. Алтын күз келді,
Байлығын берді.
8. Мектепке көңілді,
Балалар келді.
9. Жазғы күн шуақты,
Баршаны қуантты.
10 Еркелеп балдырған,
Ауланы шулатты.
(ТЖ) Жұптар топта бірігіп 4 жолды өлең құрады. Тақтадағы суретке сәйкес топта құрған өлеңді дауыстап оқиды.
- Не себепті осы суретті таңдадың?
(Ұ) Щщ әрпі, дыбысы.
Видео қарап, сөздерді айту. Хормен айтқызу. Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады.
(Ө) Дәптерге көркем жазу сәтін өткізу.
Сергіту сәті «Көңілді балақайлар»
(Қ) 1. щ әрпінің астын сызу
Арша, алша, шаш, плащ, щи, ащы, алаша, шашу, шар, ащы, борщ, тұщы.
2. Сөздерді мағынасына қарай қосу. Жетпеген сөздерді жазу. (суреттер: плащ, тон, жейде, бәтеңке.)
... бауын түймеледі
... түймесін байлады
... белдігін тақты
3. Қыста қандай киім киесің? Белгіле.
Жылы шалбар пальто бөрік
Тон көйлек жеңіл күрте
Етік плащ бас киім
Кеудеше бәтеңке қолғап
4. Ұзын және қысқа киімдерді ажыратып жаз. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру