Жол маршрутын жазу Б дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім.
Сабақтың тақырыбы: Жол маршрутын жазу. Б дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.1.1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады
1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады
Сабақ мақсаттары:
Жол маршрутына байланысты мәтін құрау, жаңа сөздер үйрену. Мәтіннің тақырыбына сай сөздер жазу,сөздерді сөз тіркестерін дұрыс қолданып үйрену.
«Б» дыбысы мен әрпінің дыбысталу және жазылу ерекшеліктерімен танысу,сөзде қолданатын орнын білу,буын сөз жазып үйрену.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері.
Шеңберде тұрып бүгінгі күнгі сабақтарына сәттілік тілейді.Әр оқушы өз жанындағы тұрған досының жақсы қасиеттерін айтып жылы лебіз білдіреді.
Оқушылардың зейінін шоғырландыру; оқушылармен бірге сабақ ОМ анықтап алу.
Тіл дамыту мақсатында тақпақты жаттау.
Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
Оқушыларға жол жүру маршруты туралы түсінік беру. Өзінің үйден мектепке дейінгі жол жүру маршрутын сызып көрсету.
Жолда жүру қауіпсіздігін сұрау.
(Ұ) Оқушылар өздерінің жол жүру маршрутының сызбасын көрсетіп әңгімелейді.
(Қ ) Мектеп ішіндегі, жол бойындағы нысандарды сөздермен және сөз тіркесімен белгілеп, мұғалімнің сызбасы бойынша «Бірлесіп жазуды» ұйымдастыру.
Ол үшін оқушыларға жол белгілеріне сәйкес суреттер беріледі. Оң жақ, сол жақ, алға, артқа бағдаршам, жол бойы, адам өтетін жол, бағдаршам, жол бойы, адам өтетін жол сөздерін айта отырып, белгілерді орналастырады.
(О тәж) Оқушыларға карточкадағы суреттерге сай сөздер мен сөз тіркестерін жазуды тапсыру Мысалы: бірінші есіктен кіреміз. Сөмкелерімізді киім ілгішке қоямыз. Сыныпқа кіреміз. Достарымызбен амандасамыз. Оқулықтарымызды шығарамыз.Сапқа тұрамыз. Асханаға тамақтануға барамыз.
Жұмбақ
1) Өзі біреу, көзі үшеу. (Бағдаршам)
2) Қанаты жоқ ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
3) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (Бор)
- Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайық
- Балық, бағдаршам, бор.
- Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Б» дыбысы.
Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын ұяң дауыссыз.
Мысалы: бор, басқа, барабан.
«Б» дыбысы тек қана сөздің басында, ортасында кездеседі.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
«Дидактикалық ойын».
«Б» дыбысынан басталатын суреттерді іріктеп алу.
Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.
Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.
«Суретті ребус» ойынын ойнату арқылы Б дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын айту және буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.
Суретті ребус
1) Бақа
2) Балға
3) Балта
4) Балапан
(Т)
«Бақа мен бала».өлеңін оқу.
- Бірде бақа келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:
Ал, бақалар, бақалар,
Бізде қызық ойын бар.
Қане, тәртіп сақтайық
Баспалдақты аттайық,
Баспалдақты басқанда,
Батыл атта, жасқанба!
(Т) «Топтастыр».сурет бойынша Б дыбысымен келетін сөздерді топтастыр.
Жануар ----------------- Адамның аты
(бота) ----------------------------- (Болат)
Өсімдік -------------------------------- Зат
(бәйшешек) ------------ (бағдаршам)
Жеміс – жидек ---------- Оқу құралы
(банан) ----------------------------- (бор)
Сергіту сәті «Ақ бұлақ»
«Бағдаршам».
- Балалар,біз мектепке келгенде жол қиылыстарында не тұрады?
- Бағдаршам.
Бағдаршамның қанша көзі бар?
-Үш
- Оның қандай көзі жанып тұр?
- Қызыл.
- Қызыл жанса, не істейміз?
- Тоқтаймыз.
Сары көзі жанғанда не істейміз ?
-Дайындаламыз.
- Қай көзі жанғанда жүретін едік?
- Жасыл.
- Ендеше, жасыл көзін жандыру үшін Бб әрпін әдемілеп жазып шығайық.
(Ұ) Дәптермен жұмыс.
Б әрпінің жазылу емлесін көрсету. Қолдарын жаттықтыру үшін ауада жазып көрсету. - б кіші әрпін сөздерді жазуға жаттығу жұмысын ұйымдастыру. Суреттер астындағы алғашқы буындарын жалғастырып, сөз құрап жазу.
- Б дыбысы сөздің басында және ортасында келеді.
Сөздік диктант.
(Қ) Мал, бор, бала, баба, балық (дыбыстық талдау)
Дыбыстарды сәйкес әріптермен таңбалау үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолдану.
• Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек сөз тіркестері мен сөйлемдер жазғызу.
Оқушылардың кейбір әріптерді дұрыс жазуын бақылау
(Оо, Ққ, Дд, Мм, Бб, Сс, Ыы, Жж,Ұұ, ң, Ее, Кк)
А... а Н... н Ш... р М... л
осы сөздерге мына әріптерді қойып, сөз оқу (а, о, т, п, у, р, л, ш, қ, д, м, ғ ).....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Жол маршрутын жазу Б дыбысы мен әрпі 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Жол маршрутын жазу Б дыбысы мен әрпі