Ауа райы туралы өлең жазу «ь» белгісі (1 сынып,4 бөлім )

 Ауа райы туралы өлең жазу «ь» белгісі (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең жазу.«ь» белгісі
Оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады
1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді
Сабақ мақсаттары: Әріп пен дыбыстың аражігін ажыраты алады, «ь» әрпі қолданылатын сөздердің емлесін біледі
Суретке қарап, мәтінге қажетті сөздерді табады және олардан сөйлем құрастырады.
Мұғалімнің көмегімен өзі құрастырған мәтінді түзете алады.
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы күн, қайырлы!
Өткен әріптерді қайталау және оларға мысал келтіру
ОМ анықтау
1) Жаңа әріппен таныстыру.
 Дыбысталмайтын әріп болуы мүмкін бе?
 Дыбысталмайтын әріп не үшін қажет деп ойлайсың?
«ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь әріпі бар сөз жіңішке айтылып айтылады. Ь – әріпі орыс тілінен енген дыбыстардың бірі».
2) жұмбақ жасыру
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
• Жұмбақтың жауабын дұрыс айтып көріңдер.
• Неше дыбыс айтамыз?
• Неше әріп жазамыз?
2) Берілген сөздердің ішінен:
а) «ь» дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу;
б) «ь» дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу.
Лагерь – балалардың демалыс орны
рояль – музыкалық аспап
альбом – 1.сурет салатын арнайы дәптер,
2.фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығыкомпьютер – техника
-3) Осы сөздерде неше дыбыс бар екенін және неше әріппен жазылатынын анықтау.
4) Сөздерді буынға бөлдіру:
- 1 буынды сөзді тапқызу
- 2 буынды сөзді тапқызу
- 3 буынды сөзді тапқызу
5) Дидактикалық ойын:
«Жоғалған буындар»
..... – бом, ла -....., ро -....., ..... – ки
6) Дәптермен жұмыс
- ь әрпінің жазылу түрін көрсету
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу
- ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру
Оқулықпен жұмыс
Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
- «Лагерь жыры» өлеңін оқу
- Өлең не туралы екенін түсіндіру
- Өлеңді хормен оқу, есте сақтау
7) Суретпен жұмыс
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ой-өрісін кеңейту.
8) Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Сурет бойынша мәтін құрастыру үшін қолдау көрсету:
• Мәтінді қандай сөйлемнен бастауға болады?
• Қандай оқиға болуы мүмкін?
• Құрастырған сөйлеміңді тыңдаушыға қызықты болу үшін қайта құра аласың ба?
• Қандай сөз қосуға болады? (Сөйлемнің тыныс белгісін сақтап жазуына көңіл бөлу)
Құрастырған мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату
9) Ауа райы туралы өлең жазу. Өлеңдегі ұйқас сөздерді бірге анықтау.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Көктем
Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру