Кел танысайық! Өзіміз туралы айтайық (1 сынып,1 бөлім )

 Кел танысайық! Өзіміз туралы айтайық (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Кел, танысайық! Өзіміз туралы айтайық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1 тыңдаған материалын сөйлеуге, сөйлемге, сөзге ажырату және оның мазмұнын түсіну
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану
1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының (терминсіз) қарапайым формаларын қолдана алу
Сабақ мақсаты: Тыңдаған материалды қайталады, мазмұнын түсінеді
Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолданады
Тәуелдік және жіктік жалғаулардың қарапайым түрлерін айтады.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал
«Көңілді амандасу» жаттығуы
Оқушылар қолмен, иықпен, тіземен, шынтақпен амандасады.
- Сендер сыныптастарыңмен таныстыңдар ма?
- Кім өзінің сыныптасы туралы айта алады?
- Бүгін сабақта біө өзімізді таныстырамыз. Отбасы мүшелерін атауға үйренеміз.
- Презентациядағы Есен деген баламен танысамыз. (Ж) (Оның танысу үлгісін қолданып, жұпта бір-бірін таныстырады)
- Есен, Елемес деген сөздер неге бас әріппен жазылған? Паратадағы сендердің есемдерің қалай жазылған?
(Ұ) Тыңдалым:
Мен сендерге қазір сөздерді айтамын, ал сендер адамның аты айтылғанда шапалақтайсыңдар.
Мектеп, Аружан, қарындаш, дәптер, ата, Абылай, Расул, т.с.с
Сендердің отбасыларыңда қандай есімдер бар?
Сергіту сәті
Көжектерім тұрыңдар...
Оқулықпен жұмыс
Белсенді болайық.
Өлеңді хормен айту.
Өлеңге қарап, өзің туралы айт.
Менің отбасым.
Отбасы мүшелерін анықтап, атайды. Мұғалім атайды, балалар тақтадан көрсетеді.
Жазба жұмыс
Сауалнама алу.
Жұпта сыныптастарымен сөйлесіп, сауланама алады.
Аты
Тегі
Жасы
Мекенжайы
Телефоны
(атын, тегін бірінші әрпін, ал жасы мен телефонын цифр арқылы жаза алады)
Рефлексия
Саусақпен кері байланыс беру.
Сабақты бәрі түсінікті- бас бармақ жоғары
Түсінген жоқпын- төмен
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру