Жасыл экономиканы дамыту – болашаққа сәтті қадам (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

 Жасыл экономиканы дамыту – болашаққа сәтті қадам (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Жасыл экономиканы дамыту – болашаққа сәтті қадам
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.ТБ1.7 Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты: Септеулік шылауларды біле отырып, ұсынылған тақырып аясында ауызша, жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасып, оқу құралдарының түгел екендігіне көз жеткізген соң топқа бөлу.
Жасыл түсті әртүрлі фигуралардың қиындыларын таңдатып, толық фигура құрату.
Адасқан әріптер арқылы тақырыпты болжайды.
СЖАЛЫ ИОКАОНКМЭ (Жасыл экономика)
Оқушылардың ол туралы не білетіндігін сұрау қажет.
(Осы жерде топқа бөлінген кезде фигуралардың бірыңғай жасыл түс екендігіне назар аудартуға болады)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Тақырыпқа қатысты мәтін таратпас бұрын мұғалім оқушылармен бірлесе отырып септеулік жалғалулар және олардың түрлері туралы талқылайды.
Септеулік шылаулар - белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық, т.б.) мән үстеп, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстыратын шылау түрі. Септеулік шылаулар септеуліктер деп те аталады.
1. Атау септігіне қатысты септеуліктер Туралы, арқылы жайлы, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын, жайында Мен күн сайын таңертең жүгіріп тұрамын.
2. Барыс септігіне қатысты септеуліктер Дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық,салым Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.
3. Шығыс септігіне қатысты септеуліктер Кейін, соң, әрі, гөрі, бері, бұрын Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.
4. Көмектес септігіне қатысты септеуліктер Бірге, қабат, қатар Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.
1-тапсырма. ТЖ.
Топтарға тақырыпқа қатысты мәтін таратылады. Мәтін мазмұнын топпен талдап, негізгі ақпаратты постерге түсіреді. Баяндау барысында септеулік шылауларды қолданады.
1-топ. «Жасыл» экономика дегеніміз не?
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
2-топ. «Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет.
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр.
3-топ. Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту
Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.
Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару
Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.
Бағалау критерийлері Дескриптор:
Мәтін мазмұнын түсінеді,
Баяндау барысында септеулік шылауларды қолданады - Мәтін мазмұнын түсінеді;
- Ойын көркем жеткізеді;
- кем дегенде 3 септеулікті орынды қолданады.
2-тапсырма. ЖЖ.
GROW моделімен жұмыстану. Оқушылар мәтіндерден алған ақпаратын жүйелей отырып, өз ойын жазады.
G-мақсатым не?
R- қазір ол қандай жағдайда?
O- қандай мүмкіндіктер ұсынар едің?
W- Нақты іс – әрекетің қандай?
Бағалау критерийлері Дескриптор:
Тақырыпқа сай өзіндік ой ұсынады;
Жазбасында септеулік шылаулар қолданады - Тақырыпты түсінеді;
- Өз ойын көркем жеткізеді;
- Кем дегенде 3 септеулікті орынды қолданады.
Қалыптастырушы бағалау:
Мұғалім жарайсың, өте жақсы, керемет сөздерімен бағалайды;
Топта жасаған жұмыстарына пікір білдіру арқылы өзара бағалау жүреді;
Дифференциация.
А деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жақсы біледі; факт келтіреді; көзқарасын көркем тілде жеткізеді, септеулік шылауларды баяндау барысында орынды қолданады, тақырыпқа қатысты негізгі мәселені анықтап, мақсат қоя алады, шешу жолдарын нақты көрсетеді.
В деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жалпы біледі; факт толық келтірмейді, көзқарасын түсінікті жеткізеді, баяндау барысында септеулік шылауларды орынды қолданады.
С деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын дұрыс түсінбейді; факт келтіре алмайды, көзқарасын жеткізуде қиналады, септеулік шылауларды тек санамалап бере алады, баяндау барысында қолдануда қиналады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру