Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

 Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар
Оқу бағдарламасына сілтеме: О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
А5. Сенімді және еркін жауап беру.
Оқу мақсаттары:7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.
7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.
Сабақ барысы: 1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
2. Психологиялық дайындық. Оқушылар бірі - біріне қарап, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. (Сынып түстер арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ топ басшысын тағайындайды.)
3. Тақырыпты болжау.
Қазақстанда жасалған өнім (бесік туралы) бейнематериал көрсету. Бейнематериал көре отырып, алдарында жатқан сұрақтарға жауап береді.
1. Бұл өнімдер қай жерде жасалған деп ойлайсыз?
2. Мұның адам дамуына әсері бар ма?
3. Мұны ашу үшін көптеген жылдар кете ме?
4. Осындай өнертапқыш болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Сабақ тақырыбы ашылады. Мақсат хабарланады. Дескрипторлар таныстырылады.
4. «Ой шақыру»
- Осындай өнімдер Қазақстанда да өндіріледі ме?
- Ұялы телефон, өзі тербелетін бесік, робот такси ата – бабамызда болған ба?
- Қазақстанда аса дарынды өнертапқыштар бар ма? Сұрақтарды топтар бір-біріне қояды.
Мұғалім: Біз бүгін осындай өнертапқыш адамдардың еңбектерінің жемісімен танысамыз.
1 - тапсырма. Екі ұқсас мәтінді оқу, сөздікке сүйене отырып түсіну. Мәтін бойынша әр топ екі сұрақтан даярлап отырады.
1 мәтін
Аса тиімді гаджеттердің бірі Sikker болуы әбден мүмкін. Бұл гаджеттің жұмыс істеу ерекшелігі сол – білезіктің бірі баланың, екіншісі – анасы мен әкесінің қолына тағылады. Bluetooth арқылы баланың хал – ахуалы жайлы мәлімет білезіктің бетіне шығу арқылы ата – аналарға беріледі. Соның арқасында олар балаларының жағдайын ұдайы бақылауда ұстап отыра алады. Қажет болған жағдайда көмек көрсете алады. Гаджеттің қызметі арқылы баланың жүрек соғысын да бақылап отыруға мүмкіндік бар екен. Ата – ана балаларының дауысын естіп қана қоймай, онымен сөйлесе алатын да көрінеді. Білезік базалық станция арқылы күні бойы қуаттандырылып отырады.
2 мәтін
Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 см. Бесікте баланың жағдайынан хабар беретін бірнеше құрылғы бар. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жаялықтың ылғалдылығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбыс ескерту айтады. Бесік тербелгенде қондырғыға егізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады. Smart Бесік ата – анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы да болады.
«Қар кесегі» стратегиясы арқылы сұрақтарын 1 - топ 2 - топқа екі мәтінге сүйене отырып қояды.
Дескрипторлар:
1. Мәтінді түсініп оқиды, сөздікпен жұмыс жасайды.
2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.
2-тапсырма. Екі мәтіннің жанрлық ерекшелігіне талдау жаса.
Тақырыбы:
Стилі:
Жанры:
Негізгі идеясы:
Дескрипторлар:
1. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасайды.
2. Жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды.
3-тапсырма. «Қос диаграммаға» сала отырып мәтіндердің үзінділерін салыстыр.
Дескрипторлар:
1. Ұқсас тақырыптар бойынша мәтіндердегі нақты үзінділерді салыстырады.
2. Ортағын, білезік пен бесіктің артықшылықтарын жазады.
4-тапсырма. «Ғылыми жаңалықтар мен технологиялар» тақырыбы бойынша өз көзқарастарын білдіреді.
Ақ қалпақ – негізгі фактілер, орташа объективті ақпарат.
Қызыл қалпақ – ішкі сезім, эмоцияны білдіру.
Қара қалпақ – сыни аналитик, логикалық негатив.
Сары қалпақ – шуақты оптимизм, логикалық позитив.
Жасыл қалпақ – мүмкіндіктер, идеялар.
Көк қалпақ – қорытынды, шешім.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру