Менің күнде көретін жол белгілерім (5 сынып, III тоқсан )

 Менің күнде көретін жол белгілерім (5 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көлік эәне жол белгәілері
Сабақтың тақырыбы: Менің күнде көретін жол белгілерім
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Сын есімнің шырай түрлерін айтылымда, жазылым жұмысында қолданады.
Жол қауіпсіздігіне қатысты белгілерді сын есім шырайларымен сипаттайды.
Көптеген оқушылар:
Сын есімнің шырай түрлерін таба алады.
Жол қауіпсіздігіне қатысты карта жасайды.
Кейбір оқушылар:
Сын есімнің шырай түрлерін бір-бірінен ажыратады.
Жол қауіпсіздігіне қатысты мысалды өмірмен байланыстырады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Кім көп біледі?» ойыны
Мұғалім әртүрлі жолбелгілері бар карточкаларды көтереді. Оқушылар қол көтеріп, ол белгілердің мағынасын түсіндіреді.
«Салыстыру әдісі»
Жұптық жұмыс
Мұғалім әртүрлі көліктердің, ғимараттардың, көшелердің суреттерін жұптарға беріп, көлемін салыстыруды тапсырады.Салыстыру барысында сын есім шырайларын қолдана білуге жетелейді.
Топтық жұмыс
«Сократ әдісі».Оқушылар «Жай шырай», «Салыстырмалы шырай», «Күшейтпелі шырай», «Асырмалы шырай» деген төрт топқа бөлінеді.
Мұғалім алдымен сын есім шырайлары жайлы шағын мағлұмат беріп, топтарға атауларына сай сын есім шырайларын бөліп береді. Оқушылар өз тақырыптарына сай көптеген мысалдар тауып, оны өзге топтарға түсіндіреді. Әр топтан екі оқушы спикер болады. Қалғандары сағат тілімен өзге топтарды аралайды. Спикерлер отырған күйінде өздеріне келген өзге топ мүшелеріне тақырыптарын түсіндіреді.
Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы.
1. Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
2. Салыстырмалы шырай заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
3. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
4. Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Бағалау критерийі:
4. Сын есім шырайларын түсінеді.
5. Нақты мысалдар келтіре алады.
Жеке жұмыс
Оқушылар өздерінің тұратын жерінен мектепке дейінгі жолдың картасын дәптерге сызады. Оқушылар картаны сызып, жол бойында орналасқан жол белгілерін еске түсіріп орналастырады. Егер мектепке дейін жол белгілері болмаса, ойдан жазуға болады.
• Жолдағы қауіпті жерлерді белгілейді.
• Сын есім шырайларын қолдана отырып, жол белгілерін салыстырады.Мысалы: тым үлкен, аса қауіпті, қауіпсіздеу, жақынырақ, алыстау,жап-жақын т.с.с......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру