Дағдыларды қалыптастыру сабағы (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

 Дағдыларды қалыптастыру сабағы (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер.
Сабақтың тақырыбы: Дағдыларды қалыптастыру сабағы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Мәтінмен танысып, идеясын табу;
Көптеген оқушылар:
• Мәтіннен ақпараттарды анықтау;
Кейбір оқушылар:
• Мәтіндегі негізгі ақпаратты ажырату.
Сабақ барысы: «Шеңбер» сергіту сәті.
Ыңтымақтастық ортасын құру үшін
оқушылар шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-біріне жақсы көңіл күй, жаңа жетістік, ізденіс, сәттілік деп тілек айтады.
Сыныптағы оқушыларға бірдей сөздер беру арқылы алдымен жұптасады. Мысалы, дарынды-дарынды, өнертапқыш-өнертапқыш.т.б. сыныпта 5-6 жұп құру.
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқылым алды тапсырма. Жаңа сөздерді аударма сөздік арқылы меңгеру.
Төменде берілген сөздердің орыс тіліндегі аудармасын жазады. Мысалы, дарынды, өнертапқыш, құрастыру, қабілет, ойлап тапқан, жаңа бағдарлама, құрылғы, тапсырыс, жетістік, өнім, жетілдірген.
Әр жұптан сөздердің мағынасы ауызша сұралады. Мұғалім бағыттап отырды.
Сынып топқа бөлінеді.
1-топ дарынды,өнертапқыш, қабілет,
2-топ құрастыру,ойлап тапқан, жетістік,жетілдірген.
3-топжаңа бағдарлама, құрылғы, жетістік, өнім,
Оқылым кезендегі тапсырмасы.
Топтық жұмыс. «Рүстем Ақышбеков, «Robo Technologies» компаниясының негізін салушы» мәтінімен танысады.
Топтағы 3-4 оқушы мәтінді бөліп оқиды, пікірлесе отырып, ойларын бір ортаға жинақтайды.
Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері Дескриптор
Жаңа сөздерді сөздік арқылы аударма жасайды. Кем дегенде 6 сөзге аударма жасай алады
Сөздің мағынасын аша алады
Мәтін мазмұнымен толық танысады Мәтіннің негізгі ойын тауып айтады.
Мәтіннен ақпараттарды табады Негізгі тауып, дәлелдей алады.
Тапсырма 1.
Мәтіннің негізгі ойын табады.
Әр топ өздеріне берілген кестеге мәтіннен ақпараттарды жазып, келесі топқа береді.
Топтар нақты ақпарат екенін анықтап, кестедегі «дұрыс/бұрыс» дегенге қанатшамен белгілейді.
Ақпараттың нақтылығын дәлелдеп, 1-2 сөйлеммен түсіндіреді.
Ақпарат дұрыс бұрыс
Кері байланыс.
Оқылымнан кейінгі тапсырма:
Мәтіндегі ақпараттарды ментальді картаға түсіреді.
Мұғалім ментальді карта туралы түсініктеме береді, үлгілерімен таныстырады.
Тапсырма
1.Мәтәндегі Рүстем Ақышбеков туралы білгендерін ментальді картаға түсіреді.
Топтағы оқушылар өздерінің жасаған ментальді карталарын қабырғаға іледі. Басқа топтар онымен танысу үшін «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы жүзеге асырады.
Т «Төрт аялдама» тапсырмасы (Әр топқа 5 минут уақыт беріледі) Топтар стикерге пікірлерін жазып жапсырады.
Оқушыларға бағалау критерийлері беріледі.
Бағалау критерийлері Дескриптор
Мәтін бойынша ментальді карта жасайды Мәтіннен ең керегін теріп алады
Дәлелді мәліметтер табады 3 мәліметті нақты анықтай алады.
Өзге топқа пікірін білдіреді Келісіп, келіспейтін таңбасын қояды
Көзқарасын білдіреді 1 сөйлеммен жазады
1-аялдама.
Ментальді картаға ең керегін теріп жазғанын бағалау.
2-аялдама.
Дәлелді 3 мәліметті нақты анықтағанын табу. Оның астын түрлі –түсті маркермен сызу.
3-аялдама.
Өзге топтың пікіріне келіссе «+», келіспесе «-» таңбасын қою.
4-аялдама.
Бір сөйлеммен өз көзқарастарын білдіріп жауап жазу.
Кері байланыс. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру