Менің досымның бейнесі (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Менің досымның бейнесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:5.ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушы өзінің және өзгенің түр-келбетін сипаттайтын сын есімдерді қолданады.
Сипаттаушы сөздерді қолданып әңгіме жазады.
Сабақ барысы: Сабақ алгоритмі:
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
сынып ережесін құру:
Қызығушылықты ояту
Өзіңнің түр келбетіңді, мінезіңді сөзбен суретте. Сын есімдерді қолданып, қағазға жаз.
Менің бойым...
Шашым...
Көзім...
Мінезім...
Мұғалім қағаздарды сандықшаға салады. Біртіндеп алып оқиды. Оқушылар суреттеліп отырған сыныптасын табады.
1-тапсырма
Жұптық жұмыс.
Оқушылар: баяндаушы, бейнелеуші болып жұптасады. Баяндаушылар берілген мәтінді жұбына оқиды. Бейнелеуші суретін салады. Соңында барлық суреттер салыстырылып, үздік жұмыстар марапатталады. (Мұғалім алдын ала сөздікпен жұмыс жасатып, мағынасын түсінуге көмектесуге болады).
...Сөйтіп, мен сендерге өзімнің аты-жөнімді айттым. Ал көркем шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана қоймай, сырт бейнесі қоса сыйпатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді өзім айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде менің атымды атамай "тампыш неме" дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған.
Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар - ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. Шашымды әр алған сайын Әубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таң қалып бітеді.
- Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр.
Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді. (150 сөз)
Бағалау критерийі:
Сипаттаушы сын есімдерді түсінеді;
суретте бейнелей алады.
2-тапсырма
Ж. «Менің досым» тақырыбында шағын әңгіме жаз. Әңгімеңде досыңның түр-келбетін, болмысын, мінезін сипатта. Төмендегі сөздерді көбірек қолдануға тырыс.
1) Ұзын, қысқа, қара, қоңыр, көк, сары, ақылды, білімді, тәртіпті, тентек, ашық, тұйық;
2) Темірдей, жібектей, мақтадай, тікенектей, қылыштай, сырықтай, жолбарыстай;
3) Бота көзді, қой көзді, қолаң шашты, қиғаш қасты, аққу мойын,
сұңғақ бойлы, кең жауырынды, таудай талапты, бұқа білекті, ержүрек.
Деңгейлік бағалау:
3-деңгей: бірінші бағандағы сөздерді қолдана алады.
2-деңгей: екінші бағандағы сөздерді орынды қолдана алады.
1-деңгей: үшінші бағандағы сөздердің мағынасын түсінеді, оны дұрыс қолдана алады.
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек».....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Менің досымның бейнесі 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Менің досымның бейнесі