Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (2-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

 Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (2-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы:Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазады
Көптеген оқушылар: бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазады
Кейбір оқушылар: бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап өздігінен жазады.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. "Кім жылдам?" Берілген суреттерге қатысты қандай, неткен, сондай сөздерін қолдана отырып жылдам сөйлемдер айту. Көп сөйлем айтып, қадамдарымен алға кеткен оқушы жеңімпаз болады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(МК) «Жұлдызды сәт»
Оқушылар берілген «Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп айтады.
Дескриптор:
• Мәнерлеп айтады;
• Төл дыбыстарын дұрыс айтады.
Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
(МК) «Бірлесе жазу» әдісін бойынша, мұғаліммен бірге берілген үлгіге сүйене отырып, бір жануарды сипаттап өлең шығарады.
Не?
Қандай? Не?
Неткен! (қандай, сондай)
(Ө,Қ) Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар бір жануар немесе құс туралы «өлең» шығарады. Парақтарда суреті беріледі. Ортада сол жануарға қатысты сөздер жазылады. Оқушылар мұғаліммен бірлесе жаңа сөздердің мағынасын ашады.
Мысалы, көзі, мойны, құйрығы, аяғы, тұмсығы, қанаты.
Оқушылар осы сөздерді негізге алып өлең жазады. Өлең жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтауға назар аударылады. Жұмыстарын сынып алдында қорғайды. (Жануарларын бояса да болады)
Дифференциация. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға көмек ретінде дайын сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Ол сөздер «жедел жәрдем» қорапшасында болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру