Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (3-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

 Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (3-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7
Сабақ тақырыбы:Тамақ және сусын"Жеміс және көкөністер" жазылым (3-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады.
Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрастырады, білетін сөздерін жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбір оқушылар:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен өздігінен жазады.
Сабақ барысы: (МК) «Сөздер тізбегі»
Оқушыларға қағаздарда жазылған сөздер беріледі. Сөздерді оқи отырып, ретімен тұрып, сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
Бақшада жемістер, көкөністер, жидектер өседі. Бір күні бақшаға қоян келді. Ол үлкен, дәмді сәбізді көрді.
(Ө) «Адасқан әріптер»
Оқушылар орны ауысып келген әріптерден сөздерді құрастырып, сауатты жазады.
(МК) «Полюстер» кері байланыс.
Жасаған жұмыстарына кері байланыс жасайды. Мұғалім жасалған жұмысқа бойынша тұжырым айтады да "ия" деп өзінің оң жағын, "жоқ" деп сол жағын нұсқайды. Оқушылар тұжырымға сәйкес келу/келмеуіне байланысты тиісті жерді таңдап тұрады.
 Мен барлық жеміс-жидек, көкөністердің атауларын жаздым.
 Менде қате жоқ.
(Ө,Қ) "Мен білемін". Жеміс (көкөніс, жидек) атауын жазып, берілген сипаттау сөздерінен сол жеміс (көкөніс, жидекке) сәйкес келетінін іріктеп жазады.
 дәмді
 тәтті
 ащы
 пайдалы
 сопақ
 домалақ
 үлкен
 кішкентай
 қатты
 жұмсақ .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру