Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

 Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7
Сабақ тақырыбы:Тамақ және сусын"Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады.
Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
А6 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрайды.
Қарапайым айтылымдардың кейбірін қайталайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Кейбір оқушылар:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды өздігінен қайталайды.
Сабақ барысы: (МК) «Сөздер тізбегі»
Мұғалім бірінші сөйлемді айтады. Оқушылар бірін-бірі тыңдай отырып, сөйлемдерді реттілікпен жалғастырып, тізбекті жалғастырулары керек.
Үлгі: Бұл- жидек. Ол қарақат. Оның түсі қара. Ол кішкентай, жұмсақ, дәмді, пайдалы. Мен қарақатты жақсы көремін.
(Т) «Кім тапқыр?»
Оқушыларды өз заттары арқылы 3 топқа бөліп, әр топқа жемістер, жидектер, көкөністер жазылған әріптер мен суреттер беріледі. Оқушылар суретке сәйкес әріптерді жинақтап, сөздерді дұрыс құрастырулары керек. Әр топ кем дегенде жеміс-жидектердің 4-5 атауын жинақтайды.
Жемістер Жидектер Көкөністер
Алма Құлпынай Қияр
Алмұрт Таңқурай Орамжапырақ
Алхоры Шие Қызанақ
Шабдалы Қарбыз Қызылша
Өрік Жүзім Картоп
Анар Мүкжидек Сәбіз
Пияз
(МК) «Полюстер» кері байланыс.
Жасаған жұмыстарына кері байланыс жасайды.
 Мен жидек туралы жалғастырып айта алдым.
 Мен жеміс-жидектердің атауын жинақтай алдым.
(МК) «Бірлесіп жазу»
Оқушыларға сурет беріледі. Мұғалім жазушы қызметінде болады. Оқушылар суретте көргені туралы сөйлемдермен айтады. Мұғалім тақтаға жазып отырады. Жазылған шағын мәтінді оқушылар бірнеше рет оқып, мазмұндап айтады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру