Үй жануарлары №4 (1 сынып, 4 бөлім )

 Үй жануарлары №4 (1 сынып, 4 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған орта
Сабақтың тақырыбы:Үй жануарлары №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және мағынасын түсінеді.
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары :Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және мағынасын түсінеді. Қарапайым тілмен жазады.
Көбі: Таныс сөздерді мағынасын түсініп, қажетті сөздермен тіркестендіре алады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Таныс сөздердмен қарапайым сөйлемдер құрастыра алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Оқушылармен санау әні арқылы сандарды қайталау.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
«Мен қарапайым, түсінікті тілмен жаза аламын»
(МК) Мәтінмен жұмыс. Керекті сандар мен сөздерді қойып жаз.
Бұл - біздің үй. Біздің үйде екі жылқы, үш сиыр, он қой, алты ешкі бар. Менің итім мен мысығым бар. Иттің аты – Тарзан. Мысықтың атты – Барсик. Мен үй жануарларын жақсы көремін.

Бұл - біздің үй. Біздің үйде ________________ жылқы, _________________сиыр, _____________қой, ________________ешкі бар. Менің итім мен мысығым бар. Иттің аты –___________________.
Мысықтың атты –______________________.
Мен үй жануарларын жақсы көремін.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Амансың ба, ботақан?!
Амансың ба, құлыным?!
Амансың ба, қошақан?!
Ботақандай маң басып,
Құлыншақтай жүгіріп,
Қошақандай секіріп,
Қолымыздан ұстайық......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру