Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі Т2 (5, 6, 7 сынып)

Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі Т2 (5, 6, 7 сынып)

Қазақ тілі 5 сынып

Жұмыс уақыты -90 минут
Барлығы - 50 ұпай

Көк қаршыға көзін шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қояды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көз алмай, таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түргелген тарғыл арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғылы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсін жерге тие керілді. Мойынындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр қағып, тазы есікке қарай бет алды. Мысық зәресі ұшып, Шоқанның артына қарай ығыстай берді.
Қорықпа, тимейді, – деп, Шоқан Мысықты өзінің қатарына қарай ығыстырды. – Апатай, мына Мысыққа бауырсақ беріңізші, – деп, Шоқан шешесіне өтінішті еркелей айтты.
(Диктанттар жинағы, 102 сөз)

1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды жазыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
(20 ұпай)
2-тапсырма. Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
(10 ұпай)
3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің ішінен біреуінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
1. Адал дос алтыннан қымбат.
2. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
3.Жер – қазына, су – алтын.
4. Жаман туыстан жаксы жолдас артық.
5. Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.

(10 ұпай)

4-тапсырма. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзіндіні жазбаша орындаңыз.
(10 ұпай)

Қазақ тілі 6 сынып

Жұмыс уақыты -90 минут
Барлығы - 50 ұпай
Қазақтың әрбір күйінің өзіндік тарихы бар. Дина Нұрпейісова мен Оқап Қабиғожиннің айтуларынша, бұл күйдің тарихы мынадай оқиғамен байланысты. Құрманғазы ел аралап жүріп, Адай руының бір үйіне түседі. Күйшінің көзіне кереге басында ілулі тұрған домбыраға түседі. Ол домбыраны алып, бұрауын өзгертіп қояды. Біраз уақыттан соң он алты-он жеті жас шамасындағы қыз бала келіп, отырғандарға қарамай, төрдегі домбырасына жармасады. Бұрауының өзгертіп қалғанын бірден сезген қыз: «Бүлдірген екенсің ғой», дегендей, Құрманғазыға қарады да, домбырасын ұсына қояды. Құрманғазы бір-екі тартқаннан кейін, үйдегілер бұл өңірде Ақмаңдайдан өткен күйші жоқ еді, бұл кім болды екен дегендей, таңдана қарайды.
Сұрастыра келе домбырашының қызылқұрт Құрманғазы екенін біліп, сый-құрмет жасайды. Сол Ақмаңдай қызбен күн тартысу үстінде осы «Адай» күйі шығыпты.
. (Диктанттар жиынтығы,114 сөз)
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды жазыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
(20 ұпай)

2-тапсырма. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
(10 ұпай)

3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің ішінен біреуінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
1. Отан қадіріне жетпеген
Өз қадіріне жетпейді.
2. Отанын сатқан оңбас.
3. Адамның әдемілігі шыншылдығында.
4.Көпке топырақ шапша.
5.Бірлік еткен озар.
Бірлеспеген тозар.
(10 ұпай)

4-тапсырма. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзіндіні жазбаша орындаңыз.
(10 ұпай)

Қазақ тілі 7 сынып

Жұмыс уақыты -90 минут
Барлығы - 50 ұпай
Бір мың тоғыз жүз үшінші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп терең. Бұрын естімеген адам шапшаң оқып шықса, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады.
Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да, түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.
Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық – Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзіңде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз.
(Диктанттар жиынтығы,168 сөз)

1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды жазыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
(20 ұпай)

2-тапсырма. Мәтінен бір сөйлемді таңдап алып, оған синтаксистік талдау жасаңыз. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
(10 ұпай)

3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің ішінен біреуінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
1. Әке балаға сыншы.
2. Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.
3. Ерлік тәрбиеден туады.
4. Жердің сәні- егін, ердің сәні- білім.
5. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
(10 ұпай)

4-тапсырма. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзіндіні жазбаша орындаңыз.
(10 ұпай)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру