Олимпиадалық тапсырмалар: Биология (7, 8, 9, 10, 11 сынып)

Олимпиадалық тапсырмалар: Биология (7, 8, 9, 10, 11 сынып)

Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
11 сынып


І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-35

1.Лейкопласта болмайды:
а/АТФ синтезі, б/гликоген синтезі, в/нәруыз синтезі, г/крахмал синтезі.
2.ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың оңтүстік шатаындағы халықтарда негізгі қорегі жүгері болғандықтан, пеллагра ауруы .......................тапшылығынан пайда болды.
а/май қышқылы, б/никотин қышқылы, в/мырыш, г/холин
3.Дальтоник ерлі-зайыптылар, әкесі де дальтоник отбасында ұл дүниеге келді.Оның да дальтоник болу ықтималдығы.............пайызды құрайды:
а/25%; б/50%; в/100%; г/75%.
4.Митохондрия кристалары болып табылады:
а/РНҚ –сы бар нәруыз жиынтығы, б/ішкі мембрана қатпарлары, в/күрделі нәруызды жиынтық, г/сыртқы мембрана қатпарлары
5.Төмендегі берілгендерден полимерлерге жатады:
а/рибосома, б/АТФ, в/АДФ, г/жасунық
6.Берілген элементтерден тірі жасушада көбірек кездесетіні:
а/калий, б/хлор, в/сутегі, г/натрий
7.Алғаш тамырлы өсімдік пайда болды:
а/ палеозойда, б/мезозойда, в/протерозойда, г/архейде
8.Лизосоманың атқаратын қызметі:
а/полимерлерді мономерлерге дейін ыдыратады, б/жасушаны қозғалысқа келтіреді, в/полисахаридтерді синтездейді, г/АТФ түзуге қатысады.
9.Гидрофобты заттарға жатады:
а/В12 витамині, б/С витамині, в/А витамині, г/В1 витамині.
10.Қара аталық мысықты сары аналық мысықпен шағылыстырғанда ұрпағы:
а/барлық аналық мысық сары, б/ барлық аталық мысық сары, в/ барлық марғаулар қара, г/барлық марғаулар сары.
11.Жасушаның қай түрі лизосоманы оқытуға мүмкіндік береді.
а/макрофаг-жасушасы, б/жүйке жасушасы, в/өсімдік жапырақ жасушасы, г/бұлшықет жасушасы
12.Мейоз нәтижесінде түзіледі:
а/2 диплоидті жасуша, б/4 диплоидті жасуша, в/2 гаплоидті жасуша, г/4 гаплоидті жасуша.
13.Сүтқоректілердің зәр түзу кезінде фильтр шумағында қандай заттар кездеспейді:
а/глюкоза, б/несепнәр, в/плазмадағы нәруыз, г/амин қышқылы
14.Ажырау қатынасы 3:1 болуы көрінеді :
а/екі гетерозиготалы дараның толымсыз доминанттылық кезінде, б/екі гомозиготалы рецессивті дарада, в/екі гомозиготалы доминантты дарада, г/екі гетерозиготалы дараның толық доминанттылығында.
15.Полиплоидтар пайда болады:
а/гендік мутацияда, б/үйлесімді өзгергіштікте, в/хромосомалық мутацияда, г/геномды мутацияда.
16.Жоғары жатынды гүл болады:
а/кәдіде, б/бақ-бақта, в/асбұршақта, г/алмұртта
17.Қай өсімдікте кіндік тамыр жүйесі:
а/лалагүлде, б/сүмбілде, в/нәркесте, г/шырай гүлде.
18.Асбұршақ мұртшасы бұл- түрі өзгерген:
а/бөбежапырақ, б/күрделі жапырақтың жапырақшасы, в/бүйірлік өркен, г/ бұйыққан бүршік
19.Шалқан жемісі аталады:
а/түйнек, б/бұршаққын, в/тамыртүйнек, г/тамыржеміс
20.Кобальт құрамына кіреді:
а/гемоглобиннің, б//В12 витаминінің, в/инсулиннің, г/ТРНҚ-ның.
21.Қандай құстар түлеу кезінде ұшу қабілетінен айырылады:
а/ләйлектер, б/колибрилер, в/қаздар, г/торғайлар
22.Қандай ұлулардың ішегі жүрек қарыншасы арқылы өтеді:
а/тіссіздер, б/тоспа ұлу, в/жүзім ұлуы, г/кальмар.
23.Қандай бунақденелілердің дернәсілінде буынаяқтары болмайды:
а/қабыршаққанаттыларда, б/қатқылқанаттыларда, в/жартылай қатқылқанаттыларда, г/қосқанаттыларда.
24.Жалпақ сүйек аталады:
а/сан сүйегі, б/төссүйек, в/шынтақ сүйек, г/асықты жілік.
25.Митоз процесінде ядрошық түзіледі:
а/анафазада, б/метафазада, в/профазада, г/телофазада.
26.Эритроциттер бұзылады:
а/тимуста, б/сары жілік майында, в/көкбауырда, г/ұйқы безінде.
27.Жасуша қаңқасын түзетін микротүтіктер мен жіпшелер орналасады:
а/ядрода, б/вакуольде, в/лизосомада, г/цитоплазмада.
28.Нәруыз биосинтезін қамтамасыз ететін біртекті рибосомалар жиынтығы жасушада болады.
а/эндоплазмалық торда, б/плазмалық мембранада, в/лейкопласта, г/цитоплазмада.
29.Су молекуласының протонға және оттек атомының электрондарға ыдырау процесі аталады:
а/гликолиз, б/фагоцитоз, в/метаболизм, г/фотолизі
30.Нәруыздың бір полипептидтік тізбегін бақылайтын ДНҚ молекуласының кесіндісі аталады:
а/нуклеотидтер, б/триплет, в/генетикалық код, г/ген
31.Жануарлар дамуының қай түрінде ата-анасы мен ұрпағы арасындағы бәсекенің әлсіреуі.
а/тура дамуда, б/түрленіп дамуда, в/ұрықтық дамуда, г/ұрықтан кейінгі дамуда.
32.Тамақтандыру мөлшерін жақсарту арқылы шошқа салмағының артуы-өзгергіштік себебі:
а/модификация, б/салыстырмалы, в/мутациялық, г/геномды.
33.Табиғи сұрыпталу әрекеті қандай элементарлық құрылым деңгейінде байқалады.
а/түрлерде, б/организмде, в/популяцияда, г/биоценозда
34.Адамдағы атавизмге мысал:
а/көпемшектік, б/үшінші қабақ, в/омыртқа, г/сүт безі
35.Қайың мен ағашқұлақ арасындағы биотикалық байланыс қай түрге жатады:
а/симбиоз, б/паразиттік, в/бәсекелестік, г/жыртқыштық.
ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-20
1.Симбиотикалық қатынас мысалдарын көрсет.
1. Қайың мен ағашқұлақ арасындағы , 2.мүйізтұмсық пен теріжегіш құс, 3.жабысқақ балықтар мен акулалар арасы, 4.кірпілер мен жертесерлер арасы, 5.тақуа шаян мен актиния арасы,6.сарышымшық пен тышқан арасы.
а/ 1,2,3, б/ 1,2,6, в/1,3,4, г/ 2,5,6, д/2,3,5
2.Экожүйеде агроценоз неге тұрақты емес:
1.онда қоректік тізбек жоқ, 2.онда қоректік тізбек қысқа, 3.онда редуценттер болмайды, 4.онда консументтер болмайды, 5.онда продуценттің бір түрі ғана бар, 6.онда түрлер саны аз.
а/ 1,3,5, б/ 1,4,6, в/ 1,2,4, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
3.Аш ішектегі асқорытылу кезеңдерін көрсет.
1.қуыстық асқорыту, 2.қабырғалық асқорыту, 3.ұйқы безінің белсенділігі, 4.ас ботқасының түзілуі, 5.судың көп бөлігінің сіңірілуі, 6.негізгі қоректік заттардың сіңірілуі
а/ 1,3,4, б/ 1,2,6, в/ 2,3,6, г/2,4,5, д/ 3,5,6
4.Асқорыту процесіндегі тұз қышқылының қызметін көрсет.
1.ауру тудырушы организмдерді жояды, 2.өздігінен қорытылу кезінде қарын қабырғасын механикалық зақымданудан қорғайды , 3.қарын сөліндегі ферменттердің белсенділігін арттырады, 4.ұйқы безінен сөлді бөлуді және ішектің қозғалысын қамтамасыз етеді, 5.нәруыздың қорытылуын қамтамасық етеді, 6.онда көптеген барлық органикалық заттарды ыдырататын ферменттер бар.
а/ 1,2,4, б/ 1,3,5, в/ 1,4,5, 2,3,6, д/ 2,5,6
5.Адам адамтәрізді маймылдан ажыратылады:
1.төрт бөлімді жүрек, 2.тік жүру, 3.күмбез тәрізді табан, 4.тырнақтың болуы, 5 S-тәрізді омыртқа, 6.сүт тістің тұрақты тіске ауысуы
а/ 1,4,6, б/ 3,4,6, в/ 2,3,5, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
6.Қосмекенділер класының отрядтарын анықта:
1.қабыршақтылар отряды, 2.құйрықтылар отряды, 3.Жыртқыштар отряды, 4.құйрықсыздар отряды, 5.тасбақалар отряды, 6.аяқсыздар отряды.
а/ 1,3,5, б/1,2,6, в/1,3,4, г/2,3,5, д/2,4,6
7.Мүктәрізділер бөліміне жататын өсімдіктерді көрсет
1.көкек зығыры, 2.аталық усасыр, 3.плауын,4.сфагнум,5.шолпаншаш, 6.маршанция
а/ 1,3,5, б/1,5,6, в/1,4,6, г/2,3,4, д/3,4,6
8.Берілген мысалдардан араморфозға жататындары қайсысы:
1.ашықтұқымды өсімдіктердің тұқыммен дамуы, 2.орамжапырақты домбықтаудан кейін жанама тамырларының санының артып дамуы, 3.құтырған қиярдың жемісінің шырынды жұмсағының түзілуі, 4.хош иісті темекінің иісті заттарды шығаруы, 5.гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы, 6.өсімдіктерде механикалық ұлпалардың түзілуі.
а/ 1,3,4, б/ 1,5,6, в/ 2,3,4, г/ 2,4,5, д/ 3,5,6
9.Тұқымқуалау өзгергіштігі түрлерін анықта:
1.мутациялық, 2.модификациялық, 3.үйлесімді, 4.цитоплазмалық, 5.топтық, 6.айқын
а/1,2,4, б/ 1,3,4, в/1,4,5, г/2,3,5, д/2,5,6
10.Эволюцияның палеонтологиялық дәлелдемелеріне жатады:
қ.адамдағы үшінші қабақтың қалдығы, 2.тас көмір бетіндегі өсімдік таңбалары, 3. қырықжапырақтардың тасқа айналған қалдықтары, 4.туылған адамдардың денесіндегі қалың түктер жамылғысы, 5.адам қаңқасындағы құйымшақ, 6.жылқының филогенетикалық қатары
а/ 1,4,6, б/1,3,4, в/2,4,5, г/ 2,3,6, д/ 3,5,6,

ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-20.
1.Эволюция негізгі қозғаушы күші-табиғи сұрыпталу.
2.Өсімдіктердің бір түрінің жиынтығын адамның жасанды жолмен алуы тұқым деп аталады
3.Аутосомды доминантты белгілер тұқымқуалауда ерлер мен әйелдерде бірдей болып кездеседі.
4.Организмдердің сыртқы орта әсері арқылы фенотиптің әртүрлілігі үйлесімді өзгергіштік деп аталады.
5.Аллополиплоидия әр түрлерді будандастыру нәтижесінде алынған будан хромосома санының артуы
6.Толық жетілген жасушаның жұмыртқа жасушасының пісіп жетілуінде үш бағыттаушы денешік түзіледі.
7.Бластуланың ішкі қуысы бластомер деп аталады.
8.Сперматогенездің өсу кезеңінде хромосома саны және ДНҚ молекуласы тең 2п4с
9.Генетикалық кодтың бірлігі нуклеотид болып саналады.
10.Кребс циклі митохондрия мембранасында өтеді.
11.Өсімдік жасушасында жартылай автономды органоид-вакуоль және пластид кездеседі.
12.Центоромера-эукариоттардағы ДНҚ молекуласының үлескісі.
13.Жасушадағы митохондрия саны оның оның қызметінің белсенділігіне байланысты.
14.Қарапайымдар жасушасында жасуша қабығы болмайды.
15.Моносахаридтерден көбірек таралғаны –сахароза және лактоза
16.Ересек тіссіздің қоректенуі биофильтрлеу арқылы жүреді
17.Паразиттік құрттардың дернәсілінің дамуы негізгі иесі болып табылады.
18.Балықтарда аккомодациялық қабілеті болмайды.
19.Камбий жасушасының көбірек бөлімі сүрекке қарай бөлінеді.
20.Егер гүлдер бүйірлік осьте орналасса, онда олар күрделі гүлшоғыры деп аталады.

ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-25
1.Өсімдік белгісін оның жататын бөліміне сәйкестендір.
Өсімдіктің белгілері Бөлімі
А.Тіршілік циклінде гаметофиті басым.
Б.Тіршілік циклінде спорофиті басым
В.Спорамен көбейеді.
Г.Тамыр жүйесі жақсы дамыған
Д.Тозаңы бар тозаңқап қалыптасады
1.Мүктәрізділер
2.Ашықтұқымдылар

2.Жануарлардың белгілеріне қарап олардың қай типке жататынын сәйкестендір.
Жануарлардың белгілері Типі
А.Дамуы мен өсуі түлеу арқылы жүреді.
Б.Дене бөлімі құрылысы және өлшемімен ерекшеленеді.
В.Тері-бұлшықет қапшығы бар.
Г.Аяқтары буындардан тұрады
Д.Жабыны тығыз хитиннен тұрады.
1.Буылтық құрттар
2.Буынаяқтылар

3.Мысалдарды орта факторымен сәйкестендір

Мысалдары Орта факторы
А.Судың химиялық құрамы
Б.Планктондардың әр түрлілігі
В.Топырақ температурасының ылғалдығы
Г.Бұршақтұқымдастардың тамырында түйнек бактериялардың болуы
Д.Топырақтың тұздылығы

1.Абиотикалық
2.Биотикалық

4.Мүшелерді олардың ұрықжапырағында түзілуімен сәйкестендір
Мүшелер Ұрық жапырақшалары
А.Бауыр
Б.Көру мүшесі
В.Қаңқа
Г.Тері
Д.Бас миы
1.Эктодерма
2.Энтодерма
3.Мезодерма


5. Нәруыз биосинтезін және фотосинтезді салыстыр
Процесс ерекшелігі Процессі
А.Көмірсу түзілуімен аяқталады
Б.Түзетін заттары- амин қышқылы
В.Негізі матрицалық синтез реакциясына жатады
Г.Түзетін заты- көмір қышқыл газ және су
Д.Процесс барысында АТФ синтезделеді.

1.Нәруыз биосинтезі
2.фотосинтез

Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
10 сынып


І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-30
1.Шіріту бактериясының қоректенуі жатады:
а/сапрофитті; б/паразитті; в/хемотрофты ; г/фототрофты.
2.Стерилденген сүт пастерленген сүттен ұзақ сақталады, себебі өңдеу кезінде жойылады:
а/тек бактерия жасушасы; б/тек өсімдік спорасы; в/бактерия жасушасы және спорасы; г/тек ауру тудырушы бактерия.
3.Қай организм гетеротрофтыларға жатады?
а/хлорелла; б/қалпақты саңырауқұлақ; в/түйнек бактериясы; г/хемосинтездеуші бактерия.
4.Саңырауқұлақтың қор заты:
а/крахмал, б/гликоген, в/инулин, г/целлюлоза.
5.Балдыр көбейеді:
а/вегетативті, б/зооспора арқылы, в/жынысты жолмен, г/ барлығы дұрыс.
6.Қоңыр балдырларға жатады:
а/хламидомонада, б/ламинария, в /хлорелла, г/спирогира.
7.Қына денесі аталады:
а/микориза, б/мицелий, в/қатпаршақ, г/жауабы жоқ.
8.Гаметофит:
а/мүктерде, б/қырықжапырақтыларда, в/плаундарда, г/қырықбуындарда.
9.Ашықтұқымдыларда эндосперм:
а/гаплоидты, б/диплоидты, в/триплоидты, г/полиплоидты.
10.Қосжарнақтыларға жататын өсімдік:
а/жұмыршақ, б/жауқазын, в/лалагүл, г/інжугүл.
11.Трипоносома қай класқа жатады:
а/талшықтылар, б/саркодалылар, в/споровиктер, г/ инфузориялар
12.Омыртқасыздарда метанефриальді типті зәр шығару болады:
а/ішек қуыстыларда, б/паразитті жалпақ құрттарда, в/жұмыр құрттарда, г/ буылтық құрттарда.
13.Ұлулардың тыныс алу мүшесі:
а/демтүтік және өкпе, б/желбезек және тері, в/демтүтік және желбезек, г/желбезек және өкпе
14.Гермофродитті емес.
а/ақ сұлама, б/шошқа цепені, в/жауын құрты, г/нерейда
15.Жай көздер болады:
а/шаршылы өрмекшіде, б/өзен шаянында, в/зауза қоңызында, г/шегірткеде
16.Жүрек қарыншасында жартылай перде болады:
а/тритонда, б/саламандрада, в/бақада, г/құбылғыда
17.Сүтқоректілердің арғы тегі:
а/стегоцефалдар, б/парапитектер, в/аңтісті кесірткелер, г/құстар
18.Қалқанша без гормоны балаларда жетіспесе қандай ауру пайда болады:
а/базед, б/кретинизм, в/микседема, г/қант диабеті
19.Қарын сөлі құрамына не кіреді?
а/трипсин, өт, б/фермент,шырыш,тұз қышқылы, в/тироксин, витамин, г/гормон, антиденелер.
20.Адамда парасимпатикалық жүйке жүйесі іске қосылғанда:
а/ішек жұмысы күшейеді, б/қаңқа бұлшықеті тонусы жоғарылайды, в/қандағы қант концентрациясы артады, г/импульсті жылдамдатады.
21.Нәруыз молекулалары бір-бірінен ажыратылады:
а/аминқышқылының кезектесіп орналасуынан, б/үшінші реттік құрылымы пішінінен, в/амин қышқылының санынан, г/ барлық берілген ерекшеліктерден
22.Жаңа туылған сүтқоректілерде негізгі энергия көзі болып табылады:
а/глюкоза, б/крахмал, в/гликоген, г/лактоза.
23.ДНҚ молекуласының Т нуклеотиді 10%-ын құрайды. Бұл молекулада Ц нуклеотидінің %-ы қандай?
а/15%, б/20%, в/45%, г/40%
24.Аюдың ДНҚ-сы есек ДНҚ-нан ерекшеленеді:
а/нуклеотид жиынтығынан, б/қызметінен, в/нуклетидтер орналасуының бірізділігінен, г/организмдерінің күрделілігінен
25.Мембрананың липидті қабатынан еркін өтеді:
а/су, б/эфир, в/глюкоза, г/спирт
26.Жасушада гликокаликс түзіледі:
а/липидтер және нуклеотидтерден, б/майлар және АТФ, в/көмірсулар және нәруыздан, г/нуклейндер және қышқылдардан.
27.Гормондар жасушаның қай органоиттарында түзіледі:
а/лизосомада, б/ядрода, в/Гольджи жиынтығында, г/вакуольде.
28.Хлорофиллдің реакция орталығы негізін құрайды:
а/кальций, б/магний, в/натрий, г/темір
29.Фотосинтездің қараңғы фазасы өтеді:
а/хлоропласт стромасында, б/хлоропласт рибосомасында, в/тилакоид мембранасында, г/гранада.
30.Глюкоза тотығуының барлық кезеңіне қатысады:
а/оттек, б/фермент, в/жарық, г/көмір қышқыл газы.
ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-20
1.Жасушаның құрылысы мен қызметін оқытуда қандай әдістер қолданылады?
1.гендік инженерия. 2.микроскопиялық. 3.цитогенетикалық талдау 4.жасуша және ұлпа өндірісі. 5.центрифуга. 6.гибридтеу
а/ 1,2,3; б/ 1,2,6; в/ 1,3,4; г/ 2,5,6; д/ 2,4,5
2.Гольджи жиынтығы қай жасушада кездеседі:
1жануар, 2.бактерия. 3.саңырауқұлақ, 4.өсімдік, 5. вирус, 6.көк-жасыл балдырлар
а/ 1,3,4; б/ 1,5,6; в/ 1,4,6: г/ 2,3,4: д/ 2,3,5
3.Энергетикалық алмасу кезеңдерін анықта.
1.трансляция. 2.дайындық кезең 3.транскрипция 4.биологиялық тотығу 5.гликолиз 6.РНҚ және рибосома жиынтығының түзілуі.
а/ 1,3,4 б/ 1,4,5 в/ 2,3,6 г/ 2,4,5 д/ 3,5,6
4.Мейоз нәтижесінде төмендегі жасушалардың қайсысы түзіледі?
1.адам сперматозоиды, 2.мүк спорасы, 3.адам эритроциті, 4.сүйек жасушасы-остеоциттер, 5.нейрон, 6.қырықжапырақ спорасы.
а/ 1,2,6, б/ 1,3,5, в/ 1,4,5, г/ 2,3,6, д/ 2,5,6.
5.Вегетативті көбею кезінде:
1.ұрпағы анасынан ерекшеленеді, 2.тек бір ғана дара қатысады. 3.негізінен митоздық бөлінуге жатады. 4.ұрпағы бастапқы формасымен бірдей. 5.негізінен мейоздық бөлінуге жатады. 6.гамета қатысуымен жүреді.
а/ 1,4,6, б/ 3,4,6, в/ 2,3,4, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
6.Адам мезодермасынан дамиды:
1.шеміршек ұлпасы және тері дерма қабаты, 2.май бездері және шаш, 3.жүрек және бүйрек, 4.аталық без және сүйек ұлпасы, 5.тырнақ және тері эпителийі, 6.сүт бездері және тері рецепторлары.
а/ 1,3,5, б/ 1,2,4, в/ 1,3,4, г/ 2,3,5, д/ 2,4,5
7.Гомогаметалы аталық жынысты:
1.қос қанатты бунақденелілер,2.сүтқоректілер, 3.жорғалаушылар, 4.кейбір қабыршаққанаттылар, 5.құстар, 6.шаянтәрізділер.
а/ 1,3,5, б/ 1,5,6, в/ 1,4,6, г/ 2,3,4, д/ 3,4,5
8.Микроорганизмдерді шаруашылық өндірісінде қолданылады:
1.витаминдер өндіруде, 2. ұн алуда, 3.минералды тұз шығаруда, 4.кефир алуда, 5.дәрілік препараттар шығаруда, 6. гормондар алуда.
а/ 1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/ 2,4,5, д/ 3,5,6
9.Бұршақ тұқымдастарының белгілері:
1.гүл серігінің саны-5 немесе 4, 2.гүл серігінің саны-5, 3.гүлсерігі жай. 4.гүлі шашақ немесе шоғырбас гүлшоғырына жиналған, 5.жемісі-бұршаққап, 6.жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша
а/ 1,2,4, б/ 1,3,4, в/ 1,4,5, г/ 2,4,5, д/ 2,5,6
10.Құрттардың паразиттікке бейімделуі:
1.тығыз сірқабық жабыны, 2.асқорыту жүйесінің болуы, 3.жүйке жүйесі және сезім мүшелері, 4. ілмек сорғышы бар, 5.мезодерманың болуы, 6.жұмыртқасының көптігі
а/ 1,4,6, б/1,3,4, в/2,4,5, г/ 1,2,6, д/3,5,6
ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-15.
1.Гомеостаз бұл-зат алмасу мен энергия айналуы.
2.Оттек пен сутек атомдары арасындағы байланыс судың полярлығын қамтамасыз етеді және оның қаблеті полюссіз қосылыстарды ерітеді.
3.Трипсин- нәруыз гидролизін катализдейді.
4.Моносахаридтерден тарағаны- сахароза және лактоза.
5.Репарация бұл-ДНҚ құрылымының қалпына келуі.
6.Митохондрия саны жасуша қызметінің белсенділігіне байланысты.
7.Фотосинтездің қараңғы фазасында су фотолизі жүреді.
8.Бұрыш пен физиалис раушангүлділер тұқымдасына жатады.
9.Глюкозаның энергетикалық тотығуы кезінде АТФ синтезделеді.
10.тРНҚ –ның антикадоны ДНҚ кодонымен комплементарлы.
11.Екі диплоидты алғашқы жыныс жасушасынан овогенез нәтижесінде 8 жұмыртқа жасуша түзіледі.
12.Диплоидты организм жасушасында 2 аллельді ген болады.
13.Гетерозис нәтижесі кезінде келесі ұрпақтың тіршілігі жойылады, себебі организмнің гетерозисі артады.
14.Туберкуллезді бациллалар туғызады.
15.Қос мекенділерде дабыл жарғағының екі жағының қысымының теңесуі ортаңғы құлақ қуысының жұтқыншақпен евстахиев түтігі арқылы жалғасады.
ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-15
1.Реттелу мен оның түрлерін сәйкесендір.
Сипаттамасы Реттеу түрі
А.Баяу қосылады және ұзақ әсер етеді.
Б.Гормон әсері арқылы
В.Жылдам қосылады және әсері қысқа .
Г.Қозу берілуі организмнің сұйық ортасы арқылы.
Д.Қозу берілуі жүйке талшығы мен тоғысу арқылы.
1.Жүйкелік
2.Гуморальдық

2.Өсімдік белгісін оның жататын бөліміне сәйкестендір.
Өсімдіктің белгілері Бөлімі
А.Тіршілік циклінде гаметофиті басым.
Б.Тіршілік циклінде спорофиті басым
В.Спорамен көбейеді.
Г.Тамыр жүйесі жақсы дамыған
Д.Тозаңы бар тозаңқап қалыптасады
1.Мүктәрізділер
2.Ашықтұқымдылар

3.Нәруыз биосинтезін және фотосинтезді салыстыр
Процесс ерекшелігі Процессі
А.Көмірсу түзілуімен аяқталады
Б.Түзетін заттары- амин қышқылы
В.Негізі матрицалық синтез реакциясына жатады
Г.Түзетін заты- көмір қышқыл газ және су
Д.Процесс барысында АТФ синтезделеді.

1.Нәруыз биосинтезі
2.фотосинтез

Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
9 сынып


І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-25
1.Затты көрудегі микроскоптың бөлімі қалай аталады?
а/бұранда, б/обьектив, в/айна, г/заттық стол
2.Қандай мақсатта қызанақты топыраққа тереңірек сабағымен көміп отырғызады.
а/құрғап кетуден сақтау, б/қосалқы тамырлар түзілу үшін, в/жанама тамырлар даму үшін, г/негізгі тамыры даму үшін.
3.Фотосинтезге қажетті емес:
а/су, б/оттек, в/жарық, г/жылу.
4.Түрі өзгерген өркенге жатпайды:
а/картоп сабағы, б/інжугүл тамырсабағы, в/картоп түйнегі, г/жауқазын пиязшығы
5.Ағаш діңінің қай бөлімінде қор заты жиналады:
а/камбийге, б/сүрекке, в/өзекке, г/қабыққа
6.Қандай белгілері таңқурай, қалақай, бидайықты бір топқа біріктіреді?
а/мұртшамен көбейеді, б/арамшөптер, в/тамырмен көбейеді, г/жер асты өркенімен көбейеді.
7.Егер гүлдің аталығы және аналығы бір өсімдікте болса, онда ол аталады:
а/аталық гүл, б/бірүйлі, в/екі үйлі, г/қосжынысты
8.Хорда (желі) тіршілігінде өмір бойы сақталады:
а/алабұғада, б/латтимерияда, в/табан балықта, г/тұқыда.
9.Бақада кіші қанайналым шеңбері аяқталады:
а/оң жақ жүрекшеде, б/сол жақ жүрекшеде, в/қарыншада, г/бақада бір ғана қанайналым шеңбері бар.
10.Қабыршақтылар отрядына жатады:
а/ кесіртке, б/сұр жылан, в/игуана, г/барлығы дұрыс
11.Қыртөс болмайтын құс:
а/киви, б/пингвин, в/көгершін, г/тоты
12.Көкет(диафрагма) алғаш пайда болды:
а/қосмекенділерде, б/жорғалаушыларда, в/құстарда, г/сүтқоректілерде
13.Тақтұяқтылар отрядына жатады:
а/бұлан, б/қабан, в/есек, г/жираф
14.Жүйкелер деген не?
а/ОЖЖ баратын жүйке жолы, б/жүйке жасушасының ОЖЖ тысқары шоғырлануы, в/ОЖЖ-ні ақ және сұр заты, г/жүйке жасушасының ұзын өсіндісінің ОЖЖ тысқары шоғырлануы.
15.Тироксин гормонының құрамына кіретін химиялық элемент.
а/темір, б/бром, в/натрий, г/иод
16.Организмнің ішкі ортасына не жатады?
а/дене жасушасы, б/ішкі мүшелер, в/қан, ұлпа сұйывқтығы, лимфа, г/плазма және қан жасушалары.
17.Қантамырында қан баяу ағады:
а/қолқада, б/артерияда, в/венада, г/капиллярда.
18.Пепсин ферменті әсерінен ыдырайды:
а/нәруыз, б/май, в/көмірсулар, г/дәрумендер.
19.Әр түрлі дыбыс тербелістері және оның күші мен жоғарылығы қайда ажыратылады:
а/ұлулы денеде, б/есту жүйкесінде, в/миқыртысының самай бөлігінде, г/ортаңғы құлақта.
20.Генотипі мен фенотипі ұқсас түр дарақтары аталады:
а/ популяция, б/ туыс, в/ тұқымдас, г/ отряд.
21.Түр дарақтарының арасындағы осы түрден ерекшеленетін қасиеттерге ие болуы бұл-
а/өсу, б/даму, в/өзгергіштік, г/тұқымқуалаушылық.
22.Табиғи сұрыпталу әсеріне жатпайды:
а/жаңа түрдің түзілуі, б/тұқымқуалайтын өзгергіштік, в/органикалық дүниенің көптүрлілігі, г/организмдердің мекен ортасына бейімделуі
23.Фотосинтез нәтижесінде атмосфераға қандай жанама өнім шығарылады?
а/су, б/көмір қышқыл газы, в/азот, г/оттек
24.Генетикалық код көмегімен ақпараттар бірізділікпен орналасқан:
а/митохондрияның кристасындағы ферменттер, б/хлоропласт гранасында хлорофилл молекуласы, г/нәруыз молекуласындағы амин қышқылдары.
25.Жасушадағы органикалық заттар ыдырауы, АТФ синтезі түзу реакциялар жиынтығы жүруі аталады:
а/энергетикалық алмасу, б/пластикалық алмасу, в/хемосинтез процесі, г/фагоцитоз.
ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-20
1.Мына өсімдіктің қайсысы күрделі жапырақты:
1.үйеңкі, 2.қараған, 3.қайың, 4.көктерек, 5.құлпынай, 6. жоңышқа
а/ 1,2,3, б/ 1,2,6, в/ 1,3,4, г/ 1,2,6, д/ 2,4,5
2.Төмендегі өсімдіктердің қайсысы көлеңкесүйгіш:
1.балдырған, 2.шалғындық кекіре, 3.бетеге, 4.қырлышөп, 5.бәйшешек, 6.жусан, 7.тал
а/ 1,3, б/ 1,6, в/ 1,4, г/ 2,7, д/ 3,5
3.Фагоцитоз қандай организм жасушасында жүрмейді:
1.өсімдік, 2.инфузория, 3.бактерия, 4.саңырауқұлақ, 5.адам лейкоциті, 6.адам фагоциті
а/ 1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/2,4,5, д/ 3,5,6
4.ДНҚ молекуласы жасуша бөлімінің қай органоидында болады:
1.митохондрия, 2.рибосома, 3.хлоропласт, 4.Гольджи жиынтығы, 5.ядро, 6.плазмалық мембрана
а/ 1,2,4, б/1,3,5, в/1,4,5, г/2,3,6, д/2,5,6
5.Гольджи жиынтығы жасушада қатысады:
1.нәруыз биосинтезіне, 2.фотосинтез реакциясына, 3.көмірсу, май, нәруызды цистерналар мен көпіршіктерде жинақтау, 4.плазмалық мембрананы өсіру және жаңалауға, 5.тұқымқуалау ақпаратын сақтау, 6. лизосоманы түзу
а/ 1,4,6, б/3,4,6, в/ 2,4,5, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
6.Жасушаны оқытуда қолданылатын әдістер:
1.микроскопиялық, 2.генологиялық, 3.таңбаланған атомдар, 4.егіздік, 5.центрифугалық, 6.гибридологиялық
а/ 1,3,5, б/1,2,4, в/ 1,3,4, г/2,3,5, д/ 2,4,5
7.Лалагүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің белгілерін анықта.
1.түріөзгерген жапырақ, 2.жемісі бұршаққап немесе бұршаққын, 3.жемісі жидек немесе қауашақ, 4.гүлі үшбөлімді типті жай гүлсерікті, 5.жапырақ жүйкесі торлы, 6.түріөзгерген жер асты өркені-пиязшық немесе тамырсабақ.
а/ 1,3,5, б/1,5,6, в/ 1,4,6, г/2,3,4, д/ 3,4,6
8.Цианобактерия мен өсімдік жасушасының ұқсастығы онда болады :
1.ядро, 2.цитоплазма, 3.митохондрия, 4.автотрофты қоректену, 5.пластидтер, 6. Рибосома
а/ 1,3,4, б/1,4,5, в/2,3,6, г/2,4,5, д/3,5,6
9.Паразиттік құрттарға тән белгілерді анықта.
1.анэробты тыныс алу, 2.бұлшықеттің болуы, 3.иесін ауыстырып дамиды, 4.тіршілік циклі күрделі, 5.даму циклі қарапайым, 6.кірпікшелерінің болуы
а/ 1,2,4, б/ 1,3,4, в/1,4,5, г/2,3,5, д/2,5,6
10.Қосмекенділердің құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі:
1.иінтректі аяқтар, 2.қозғалмалы қабақты көз, 3.саусақ арасындағы жарғақ, 4.бүйір сызық, 5.салқынқанды, 6.өкпелік тыныс алу
а/ 1,4,6, б/1,3,4, в/ 2,4,5, г/ 1,2,6, д/3,5,6
ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-15.
1.Тамыр бұл-өсімдік мүшесі, оны топыраққа мықты ұстап тұрады және өсімдікті су мен органикалық заттармен қамтамасыз етеді.
2.Камбий - тірі бөлінуге қабілетті жасуша қабаты және басқа ұлпа жасушаларын түзеді.
3.Өткізу аймағы сору аймағынан кейін орналасқан.
4.Пиязшық бұл-түріөзгерген жер асты өркені.
5.Тұқымбүршік жамылғысы кеңейіп өсу арқылы тұқым қабығына айналады.
6.Асбұршақ жемісі-бұршаққын.
7.Алабұғада құрсақ қанаты қаңқасын омыртқамен байланыстыратын сүйек жоқ.
8.Бақаның басы қозғалмайды, денесімен тұтасып кеткен.
9.Құстардың тепкісі алдыңғы аяқ белдеуінің мықтылығын қамтамасыз етеді.
10.Пілдің азуы түрі өзгерген жоғарғы жақ күрек тісі
11.Ұйқы безі гормондар мен ферменттерді өндіреді.
12.Вегетативті жүйке жүйесі жұмысы адам еркіне бағынады.
13.Нәруыздың екінші реттік құрылымы оралма тәрізді.
14.Пиноцитоз процесі сұйықтықтарды сіңіреді.
15.Жұмыртқа салу үшін ұя жасау- түраралық тіршілік үшін күреске мысал болып табылады.
ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-10
1.Жасушаны оның түріне сәйкестендір.
Жасуша белгілері Жасуша түрі
А.Митохондриясы жоқ
Б.Тұрақты ядросы бар
В.Бір сақиналы хромосомасы бар
Г.Барлық органоидтары бар
Д.Гольджи жиынтығы жоқ.

1.Бактерия
2.Саңырауқұлақ

2.Бездердің бұзылуынан түзілетін ауруларды сәйкестендір
Ауру түрлері Бездер
А.Алыптық
Б.Базед
В.Микседема
Г.Акромегалия
Д.Кретинизм.

1.Гипофиз
2.Қалқанша без


Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
8 сынып


І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-20
1.Ең ежелгі бактерияға жатады:
а/оксифитобактерия, б/архебактерия, в/цианобактерия, г/түйнек бактериясы
2.Саңырауқұлақтардың түбіртегі мен қалпағы аталады:
а/мицелий, б/өсімдік, в/гиф, г/жемісті денесі
3.Көкек зығырының қақпағы бар қауашағы аталады:
а/жапырақ, б/спорофит, в/бүршік, г/гаметофит
4.Тамыры болмайды:
а/қыранот, б/түйеқұсшөп, в/шыбынсалы, г/усасыр
5.Ашық тұқымдылардың көбеюі және жаңа жерге орнығуының жүзеге асуы :
а/мегаспора арқылы, б/тұқым арқылы, в/спора арқылы, г/тұқым және жеміс арқылы.
6.Қосжарнақты өсімдіктерге жатады:
а/жауқазын, б/жүгері, в/картоп, г/сарымсақ
7.Жер жаңғағы жатады:
а/күрделігүлділер тұқымдасына, б/бұршақ тұқымдастарына, в/раушангүлділер тұқымдасына, г/астық тұқымдастарға.
8.Дәнекер ұлпасына жатпайды:
а/май ұлпасы, б/қан, в/сүйек, г/бұлшықет.
9.Фораминифераларда болады:
а/екі ядро, б/кірпікше, в/талшық, г/бақалшақ
10.Гидраның қорегін қорытуы жүреді:
а/ішек қуысында, б/атпа жасушасында, в/энтодерма жасушасында, г/ ішек қуысы және энтодерма жасушасында.
11.Зауза қоңызының тыныс алу жүйесі:
а/өкпемен, б/желбезекпен, в/демтүтікпен, г/ішекпен
12.Сиыр цепені жатады:
а/сорғыштар класына, б/таспа құрттар класы, в/жалпақ құрттар класы, г/кірпікшелі құрттар класы
13.Өрмекшітәрізділердің шығару жүйесі аталады:
а/жасыл бездер, б/мальпигий түтігі,в/бүйрек, г/желбезек.
14.Торсылдақ бұл-
а/желбезек өсіндісі, б/асқорыту түтігінің өсіндісі, в/өкпе бөлімі, г/қанайналым жүйесінің бөлімі
15.Сүтқоректілердің жүрегінде болады:
а/тек вена қаны, б/тек артерия қаны, в/аралас қан, г/артерия және вена қаны
16.Адамға тән белгілер:
а/екі жұп аяқ, б/тірі туу, в/гаметасында 23 жұп хромосома, г/сүт безі болуы
17.Қандай бездер ішкі секреция бездеріне жатады:
а/бауыр, б/май безі, в/қалқанша без, г/ұйқы безі
18.Сұр зат неден түзілген:
а/аксоннан, б/нейрон денесі мен дендриттен, в/нейрон денесінен, г/аксон мен нейрон денесінен
19.Адамның әлеуметтік эволюциясына жатады:
а/өзгергіштік, б/еңбек әрекеті, в/тіршілік үшін күрес, г/тұқымқуалаушылық
20.Инсулин әсерінен қант бауырда айналады:
а/гликогенге, б/крахмалға, в/майға, г/нәруызға

ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-10
1.Адам бактерияны пайдаланады:
1.спирт алуда. 2.шырын өндіруде. 3.айран алуда. 4.фермент өндіруде. 5.кебек өндіруде
а/ 1,2,3, б/ 1,2,4, в/1,3,4, г/2,3,5, д/2,4,5.
2.Талшығымен қозғалатын балдырларға жатады:
1.вольвокс, 2.порфира, 3.хламидомонада, 4.ламинария, 5.фукус, 6.спирогира
а/1,3, б/1,6, в /1,4, г/ 2,3, д/ 3,6
3.Гидраның атпа жасушасында болады:
1.талшықтар, 2.оралма жіпше, 3.бақалшақ, 4.сезімтал түк, 5.капсула, 6.екі ядро
а/ 1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/ 2,4,5, д/3,5,6
4.Адам адамтәрізді маймылдан ажыратылады:
1.төрт бөлімді жүрек, 2.тік жүру, 3.күмбез тәрізді табан, 4.тырнақтың болуы, 5 S-тәрізді омыртқа, 6.сүт тістің тұрақты тіске ауысуы
а/ 1,2,4, б/ 1,3,6, в/ 1,4,5, г/ 2,3,5, д/2,5,6
5.Адамның рудиментті мүшелеріне жатады:
1.ақыл тіс, 2.қалың түкті жамылғы, 3.құрт тәрізді соқыр ішек өсіндісі. 4.үшінші қабақ, 5.көпемшектік, 6.құйрықтың болуы.
а/ 1,4,6, б/ 1,3,4, в/ 2,4,5, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6.

ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-10.
1 Камбий - тірі бөлінуге қабілетті жасуша қабаты және басқа ұлпа жасушаларын түзеді.
2.Дара жарнақты өсімдік тұқымы тұрады бүршіктен және тұқымжарнағының бір ұрық жапырағынан
3.Артериядан артерия қаны ағады.
4.Қосалқы тамыр негізгі тамырдан шығады.
5.Картоптың түрі өзгерген өркенін қорекке пайдаланады.
6.Асқабақтың гүлі қосжынысты.
7.Крокодилдің тісі жақ ұяшығында орналасқан.
8.Митохондрияның негізгі қызметі тотығу, тотықтыру
9.Нәруыз синтезі рибосомада жүреді.
10.ОЖЖ ми мен жұлын эпителий ұлпасының қорғаныш қабатымен жабылған.

ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-10
1.Жануарлардың белгісіне қарап қай классқа жататынын сәйкестендір

Жануарлардың белгілері Класс
А.Алғашқы нағыз құрлық жануарлары
Б.Көпшілігінің көбеюі суда жүреді
В.Терісі жұмсақ, жалаңаш, шырыш бөлетін бездері бар
Г.Жұмыртқасы жұмсақ қабықты, сары уызға бай
Д.Метаморфозды дамиды..

1.Қосмекенділер
2.Жорғалаушылар


2.Бездердің бұзылуынан түзілетін ауруларды сәйкестендір
Ауру түрлері Бездер
А.Алыптық
Б.Базед
В.Микседема
Г.Акромегалия
Д.Кретинизм.

1.Гипофиз
2.Қалқанша без

Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
7 сынып


І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-15

1.Жеміс деп айтуға болмайды:
а/бұршаққап, б/картоп түйнегі, в/жидек, г/бұршаққын.
2.Гүл – бұл:
а/түріөзгерген өркен, б/ашық күлте, в/гүлсерік, г/сабақ бөлімі
3.Емен жапырағы жасушасы бір- бірінен бөлінеді:
а/центриолымен, б/целлюлозадан түзілген қабықшасымен, в/пластидтерімен, г/плазмалық менбранасымен
4.Бактерияға жатады:
а/зең және ашытқы, б/туберкулез және тырысқақ қоздырғышы, в/тұмау және ЖИТС қоздырғышы, г/холера және хламидомонада.
5.Өсімдіктердің гүлдері мен жемістерінің түсі байланысты:
а/пластидтерге, б/жасуша орталығына, в/хромосомаға, г/эндоплазмалық торға.
6.Қойдың жыныс емес жасушасында 54 хромосома бар, ал жыныс жасушасындағы ядрода :
а/27 хромосома, б/54 хромосома, в/81 хромосома, г/108 хромосома.
7.Мейоз болады:
а/туберкуллез тудырушы бактерияда, б/өзен шаянында, в/ЖИТС вирусында, г/сүтқышқылы бактериясында.
8 Дәнекер ұлпасына жатпайды:
а/май ұлпасы, б/қан, в/сүйек, г/бұлшықет.
9.Жануарлардың қай тобында тек бунақденелілер берілген.
а/есекқұрт,шегіртке, инелік, б/зауза қоңызы, дафния,орамжапырақ ақ көбелегі, в/ит кенесі,маса, бөгелек, г/колорад қоңызы,құмырсқа, бөгелек.
10.Тынысалу жүреді, бірақ фотосинтез жүрмейді:
а/сәлбен өркенінде, б/қызыл сары гүл жапырағында, в/ақ саңырауқұлақта, г/аскөк сабағында
11.Зауза қоңызының тыныс алу жүйесі:
а/өкпе, б/желбезек, в/демтүтік, г/ішек
12.Омыртқалы жануарлар организміне көмір қышқыл газы түседі.
а/қанайналым жүйесінен тыныс алу жүйесіне, б/жүйке жүйесінен тынысалу жүйесіне, в/тынысалу жүйесінен зәр шығару жүйесіне, г/қанайналым жүйесінен зәр шығару жүйесіне.
13.Гидраның жүйке жүйесі тұрады:
а/денесінде шашыранды жүйке жасушасынан, б/жұп бас жүйке түйінінен, в/құрсақ жүйке тізбегінен, г/дамымаған.
14.Симбиоз мысалы:
а/ақ қоян және сұр қоян, б/мысық және бит, в/бұршақ өсімдігі және түйнек бактериясы, г/біте және қанқызы
15.Қан жүректен ағады:
а/венамен, б/артериямен, в/капиллярмен, г/капилляр және венамен.

ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-10
1.Қосжынысты гүлдер:
1.шие, 2.алма, 3.тал, 4.қара өрік, 5.қияр
а/ 1,2,3, б/ 1,2,4, в/ 2,3,4, г/ 2,3,5, д/2,4,5
2.Жануарлардың зәр шығару мүшесі:
1.лептестік, 2.мальпигий түтігі, 3.жасмықша, 4.жасыл без, 5.сүзгілі түтік, 6.метанефридия
а/1,2,3, б/ 1,2,6, в/ 2,3,4, г/2,3,5, д/ 2,4,6
3.Жасушасында хлоропласты бар:
1. кактус сабағы, 2.картоп түйнегі, 3.қайың жапырағы, 4.қызыл бұрыш жапырағы, 5.піскен жеміс, 6.крокодил терісі
а/1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/ 3,4,5, д/ 3,5,6
4.Төмендегі организмдерден органикалық заттарды тұтынушыларды анықта
1.балықоты, 2.ақ қоян, 3.зең, 4.қыранот, 5.біте, 6. Түлкі
а/1,2,4, б/1,3,6, в/1,4,5, г/2,3,6, д/2,5,6
5.Улы саңырауқұлаққа жатады:
1.томарқұлақ, 2.боз арамқұлақ, 3.шатыр, 4.ағашқұлақ, 5.шыбынжұт
а/ 1,4, б/ 2,3,5, в/2,4,5, г/ 2,5, д/3,5

ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-10.
1.Микориза-саңырауқұлақ пен жасыл балдыр симбиозы.
2.Бактерия қолайсыз ортада цистаға айналады.
3.Артериядан артерия қаны ағады.
4.Қосалқы тамыр негізгі тамырдан шығады.
5.Картоптың түріөзгерген жерасты өркенін пайдаланады.
6.Мүктер төменгі сатыдағы өсімдік.
7.Балықтарда тұйық қанайналым жүйесі, екі бөлімді жүрек, бір қанайналым шеңбер.
8.Буынаяқтылар бақалшағы хитиннен тұрады.
9.Тұқым жатын қабырғасынан дамиды.
10.Өсімдіктерде су және минералды тұздар сүзгілі түтіктермен жылжиды.

ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-6
Саңырауқұлақтарды олардың бөлімімен сәйкестендір

Өкілдері Бөлімдері
А.Тыржыңқұлақ
Б.Арышқұлақ
В.Майқұлақ
Г.Ашытқы
Д.Фитофтора
Е.Қаракүйе

1.Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар
2.Базидомицеттер немесе қалпақты саңырауқұлақтар
3.Оомицеттер немесе паразитті саңырауқұлақтар


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру