file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ақтан Керейұлы (Айт, десеңіз, жарандар)

 Ақтан Керейұлы (Айт, десеңіз, жарандар)

Айт, десеңіз, жарандар,
Азырақ жауап бастайын.
Айт дегенде іркіліп,
Бойымды балап тартпайын.
Парасатсыз жамандай
Жүрексініп саспайын.
Алысқа шапқан жүйріктей
Аяқты жайлап тастайын.
Қалағаның біз болсақ.
Сұрағаның сөз болса.
Қатты жауған жаңбырдай
Алдарыңда қаптайын.
Мәжіліске келген соң,
Тәңірім жел сөз берген соң,
Атасы арзан дегенмен,
Сіздерге бұлдап сатпайын.
Атасы арзан дегенмен,
Өздеріңдей жақсы болмаса,
Бостан -босқа айқайлап,
Құр далаға шашпайын.
Айт деп бізге үлкендер,
Қаумалап қызық құралды - ай.
Іркілейін несіне,
Болған соң басым базарда - ай.
Мәжіліс құрған алқаны
Жүрмесем де таба алмай,
Осы отырған әлеумет,
Басымды салып базарға - ай,
Айт дегенде бұлдансам,
Болам ба мұнан ажарлы - ай?!
Жан барында жайнайын,
Тіл барында сайрайын.
Әзірейіл құрық салған күн,
Қаумалаған ағайын,
Қаларсың бір күн таба алмай.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру