Ақтан Керейұлы (Қалағандарың сөз болса)
Қалағандарың сөз болса,
Мен жырлауға құмармын,
Шұбалаң құйрық шұбармын.
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын.
Не қылғанмен, дер күнім,
Бұлдыраған таудаймын.
Екі атысқан жау болса,
Арасында панамын.
Мен - ақбауыр кер жорға.
Әдемі басқан аяғын.
Қарасаң көзін жеткісіз
Жылмиып жатқан даламын.
Жортар атқа жеткісіз
Ұзын бауыр саламын.
Жоғарыдан аққан Жайықпын,
Теңізге құйған аяғын.
Күн шығыстың күшті желімен
Ылайлатып ағамын.
Сөйлемеймін мен неге,
Қашаннан да мен өзім
Заржақ туған баламын.
Сөйлесем, сөзді табамын,
Сөйлей - сөйлей аламын.
Көпшілік сөйле дегенде,
Кідірмеймін жел сөзге,
Кеудедегі білгенді
Алдыңы төгіп саламын.
Сөйлей - сөйлей берейін,
Сөз жүйесін көрейін.
Әрі - бері сөйлесем,
Бұ да өзімнің мерейім.
Сөз дегенің бұйым ба,
Сөйлегенім қиын ба,
Талай - талай сөйледім
Сатырлаған жиында.
Мен жырлауға құмармын,
Шұбалаң құйрық шұбармын.
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын.
Не қылғанмен, дер күнім,
Бұлдыраған таудаймын.
Екі атысқан жау болса,
Арасында панамын.
Мен - ақбауыр кер жорға.
Әдемі басқан аяғын.
Қарасаң көзін жеткісіз
Жылмиып жатқан даламын.
Жортар атқа жеткісіз
Ұзын бауыр саламын.
Жоғарыдан аққан Жайықпын,
Теңізге құйған аяғын.
Күн шығыстың күшті желімен
Ылайлатып ағамын.
Сөйлемеймін мен неге,
Қашаннан да мен өзім
Заржақ туған баламын.
Сөйлесем, сөзді табамын,
Сөйлей - сөйлей аламын.
Көпшілік сөйле дегенде,
Кідірмеймін жел сөзге,
Кеудедегі білгенді
Алдыңы төгіп саламын.
Сөйлей - сөйлей берейін,
Сөз жүйесін көрейін.
Әрі - бері сөйлесем,
Бұ да өзімнің мерейім.
Сөз дегенің бұйым ба,
Сөйлегенім қиын ба,
Талай - талай сөйледім
Сатырлаған жиында.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ақтан керейұлы Қалағандарың сөз болса өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Қалағандарың сөз болса