Ақан Сері Қорамсаұлы (Жайықтың ақ түлкісі аралдағы)
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал - дағы.
Қараймын томағамды ашып - жауып,
Тауыңның ақиықшы Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шық бұрал - дағы.
Жаудырап екі көзің отырасың,
Тұндырған шай секілді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің,
Түлкідей тұра қашқан тұмандағы.
Сен болсаң ал - қызыл гүл, асыл еркем,
Мен бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.
Құрбыңа назарыңды бір салмайсың,
Кер тағы сияқтанып құландағы,
Қалқыған дариядағы сен бір кеме,
Ішінде бір шам - шырақ бұрандалы.
Қайратпен қаhарманша бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрам - дағы.
Жайықтың сіз қоңыр қаз қырындағы,
Біз сұңқар, сізге тиген ұрымдағы.
Барып ем ілейін деп суға түсті,
Қаз екен дарияның сыртындағы.
Болмаса ақ тұйғынның балапаны,
Қай құстар іле алмаған бұрын - дағы.
Сен болсаң адамзаттың асылысың,
Біз қанжар алтындаған қыныңдағы.
Ұнаса көңіліңе перизатым,
Жүре бер беліңе алып буын - дағы.
Алдымнан сен бір қашқан марал - дағы.
Қараймын томағамды ашып - жауып,
Тауыңның ақиықшы Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шық бұрал - дағы.
Жаудырап екі көзің отырасың,
Тұндырған шай секілді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің,
Түлкідей тұра қашқан тұмандағы.
Сен болсаң ал - қызыл гүл, асыл еркем,
Мен бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.
Құрбыңа назарыңды бір салмайсың,
Кер тағы сияқтанып құландағы,
Қалқыған дариядағы сен бір кеме,
Ішінде бір шам - шырақ бұрандалы.
Қайратпен қаhарманша бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрам - дағы.
Жайықтың сіз қоңыр қаз қырындағы,
Біз сұңқар, сізге тиген ұрымдағы.
Барып ем ілейін деп суға түсті,
Қаз екен дарияның сыртындағы.
Болмаса ақ тұйғынның балапаны,
Қай құстар іле алмаған бұрын - дағы.
Сен болсаң адамзаттың асылысың,
Біз қанжар алтындаған қыныңдағы.
Ұнаса көңіліңе перизатым,
Жүре бер беліңе алып буын - дағы.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ақан сері қорамсаұлы Жайықтың ақ түлкісі аралдағы өлең стихи на казахском акан сери корамсаулы казакша олен, ақан сері қорамсаұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акан сери корамсаулы, акан сери корамсаулы олендери, ақан сері өлеңдері, ақан сері өлеңдері скачать, Жайықтың ақ түлкісі аралдағы