file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Біздің көңіл қайда жатыр)

 Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Біздің көңіл қайда жатыр)

Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,
Толқыған он төртінде Айда жатыр.
Ат тұрса, атан тұрса көз салмайтын,
Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр.
Қош иісі жарқыратып көңіл ашқан,
Аққұйрық памилный шайда жатыр.
Гүл шашақ, жұпар иісті жайлауында
Көңілім ел қонбаған сайда жатыр.
Қиядан торға түскен ақсұңқардай
Көңілім қапаланған жарда жатыр.
Білетін асыл жайын жан болмаса,
Жаманды не қылайын жолда жатар.
Тапсырдым теріс болсаң бір тәңірге,
Айтатын зарлы сезім толып жатыр...
Сымбатың жас жүректі жандырғандай,
Бриллиант гауhар жүзің сонда жатыр.
Аузыңнан шыққан сөзің тәтті балдай,
Ойласам әрбір қарпі менде жатыр.
Бағаңа асыл, қалқам, не жетеді,
Бес жүз мың алтын қоры сенде жатыр.
Қарпіңді ақ қағазға тартып көрсем,
Жүректің асыл сөзі сонда жатыр.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру