file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Фариза Оңғарсынова (Абыройы Күнмен жарысқан)

 Фариза Оңғарсынова (Абыройы Күнмен жарысқан)

Абыройы Күнмен жарысқан,
көкірегінен әсем ән ұшқан,
мейірін төккен адамға
бақытты байтақ даламда
тағдырлар талай табысқан.
Талғамы заңғар заманда
атағы кеткен ғаламға
елімнің ару қыздары!
Шаңырағы - шалқақ, кең ірге,
жайқалып бидай белінде,
шалғыны сүйген балтырдан,
қырманы толған алтын дән,
күмбірлеп күйі көгінде,
сандуғаш көмей ән тұнған
бақыттылардың мекені -
жерімдей
жайсаң қыз жаны!
Таулары заңғар, дала кең,
дертіңе саумал самалы ем,
шыңы қар, көктем етегі,
қуаныш құшқан ана мен
бақытты бөбек мекені,
мекенін сезім, санамен
ұланы мақтан етеді.
Ер көңіл жайсаң жандары,
бұл күнде - шалғын шаңдағы,
мәңгілік далам, жас далам
жұлдызға жонын жалғады,
қауызын жарып тасқа дән,
самалдай еркін самғады,
малынып нұрға таңдағы,
әлемді түгел шарлады
қыздары салған асқақ ән!
Нұр төгіп Отан төбемнен,
мейіріміне бөленгем!
Сенімге толы көңілдер
көктемгі көктей көгерген.
Жасаңдар, құшып сенім-күн,
құлпырған гүлдей құздағы,
жұлдызы жанған жерімнің
жұлдыздай жарқын қыздары!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру