Фариза Оңғарсынова (Өзімді жүрегіңнің есі қылдың)
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың,
бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым.
Өзіңді мен де оңаша қиялдадым,
жаным деп жүрегімнен күй арнадым.
Жас сезім гүлдей нәзік, адал да едім,
тек сенен бақытымды табам дедім.
Айлы түн қыз жанынан сыр ұрласа,
сен дедім ерке самал сыбырласа.
Жатсындым, өзгелерді көзге ілмедім,
сен бірақ жан күйіңді сездірмедің.
Бейнемді көңіліңнен шығармадың,
мен бірақ кезінде оны ұға алмадым...
Өмірде өткелі көп, әні қысқа,
ал бұған кінәлі кім - жазымыш па?
бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым.
Өзіңді мен де оңаша қиялдадым,
жаным деп жүрегімнен күй арнадым.
Жас сезім гүлдей нәзік, адал да едім,
тек сенен бақытымды табам дедім.
Айлы түн қыз жанынан сыр ұрласа,
сен дедім ерке самал сыбырласа.
Жатсындым, өзгелерді көзге ілмедім,
сен бірақ жан күйіңді сездірмедің.
Бейнемді көңіліңнен шығармадың,
мен бірақ кезінде оны ұға алмадым...
Өмірде өткелі көп, әні қысқа,
ал бұған кінәлі кім - жазымыш па?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Өзімді жүрегіңнің есі қылдың өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Өзімді жүрегіңнің есі қылдың