Жандарбек Жұман (Жаңарулар...)

 Жандарбек Жұман (Жаңарулар...)

Арта қалған ескі күн.
Ескі күннің ұмытпадым еш бірін.
...Досым деген жандар кетсе таныс боп,
Таныс болып жүргендері-дос бүгін.

Алмасулар.
...келем бәрін,рас,ұқпай,
Көңіліме беймаза мұң көшіпті-ай.
Уақыт шіркін зымарайды-ау асығып,
Кездесуге бара жатқан ғашықтай.

Сан сұрақтар.
Түзеледі көш қашан?
Шешімі жоқ сауалдар тұр баста сан.
Естелігін есте сақтап, қимастан,
Әр күн сайын бір күніммен қоштасам.

Қоштасулар...
Кездесулер жаңадан,
Келер күнге үмітпенен қарағам.
...Ертеңіне сағынышпен қарайтын-
бүгінінің қонағы ғой әр адам.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру