Бақыт Беделхан (Ол ішіп жүр..)
Ол ішіп жүр..,
кім бар дейсің, соры аппақ?
Ішсін, мейлі, күні-түні сораптап.
Жүрген шығар тандырланып тағдыры,
Күйген шығар қарығанда шөл, аптап?
Мына өмірдің мың бұралаң соқпағы
Кімді апарып тау мен тасқа соқпады.
Кеше ғана кеміс туған кещелік
Ақындардың өлең-жырын соттады.
Ал, ақындар, өлмесе де дем үзді,
Болашаққа айтамыз деп немізді.
Әлгі әккілер атқа құлын емізіп,
Жан,жүректің жатқа мұңын жегізді.
Кімге айтамын сол наза мен сол назды,
Нар-намысым шөге-шөге ол да азды.
Шам орнатам деп жүргендер ор қазып,
Бақ орнатам деп жүргендер сор қазды.
Сор да сондай қалың болар деп пе едім,
Көген көздің көз жасындай кеппедім.
Кеше,бүгін, ертең тағы жыласам,
Кешір мені,
кесірлі емес, кекті едім.
Ойымда жоқ үмітімнен қол үзбек,
Домбыраға қосылғандай қобыз кеп;
Кең далада күңіренемін, көшемін
Ғасырлардан ғасырларға жол іздеп.
Жолдар, жолдар таспа тілсін жонымнан
Бар дүние жасай берем жоғыңнан;
Соқыр тұман тұрса дағы оңымнан,
Соқыр күмән туса дағы солымнан.
Тарпаңымның тартсам да айыл, тартпасын,
Тағдыр маған бос күлкісін артпасын.
Арманыма тіресем де ат басын,
Қайғы, мұңның қағып тұрам қақпасын.
Жан бейбақты жалықтырды жалған-боқ.
Ынтықтырды, зарықтырды заңғар көк.
Адассам да алған беттен танғам жоқ
Ақыр түбі қарсы алатын Аллам деп.
кім бар дейсің, соры аппақ?
Ішсін, мейлі, күні-түні сораптап.
Жүрген шығар тандырланып тағдыры,
Күйген шығар қарығанда шөл, аптап?
Мына өмірдің мың бұралаң соқпағы
Кімді апарып тау мен тасқа соқпады.
Кеше ғана кеміс туған кещелік
Ақындардың өлең-жырын соттады.
Ал, ақындар, өлмесе де дем үзді,
Болашаққа айтамыз деп немізді.
Әлгі әккілер атқа құлын емізіп,
Жан,жүректің жатқа мұңын жегізді.
Кімге айтамын сол наза мен сол назды,
Нар-намысым шөге-шөге ол да азды.
Шам орнатам деп жүргендер ор қазып,
Бақ орнатам деп жүргендер сор қазды.
Сор да сондай қалың болар деп пе едім,
Көген көздің көз жасындай кеппедім.
Кеше,бүгін, ертең тағы жыласам,
Кешір мені,
кесірлі емес, кекті едім.
Ойымда жоқ үмітімнен қол үзбек,
Домбыраға қосылғандай қобыз кеп;
Кең далада күңіренемін, көшемін
Ғасырлардан ғасырларға жол іздеп.
Жолдар, жолдар таспа тілсін жонымнан
Бар дүние жасай берем жоғыңнан;
Соқыр тұман тұрса дағы оңымнан,
Соқыр күмән туса дағы солымнан.
Тарпаңымның тартсам да айыл, тартпасын,
Тағдыр маған бос күлкісін артпасын.
Арманыма тіресем де ат басын,
Қайғы, мұңның қағып тұрам қақпасын.
Жан бейбақты жалықтырды жалған-боқ.
Ынтықтырды, зарықтырды заңғар көк.
Адассам да алған беттен танғам жоқ
Ақыр түбі қарсы алатын Аллам деп.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бақыт беделхан Ол ішіп жүр.. өлең стихи на казахском бакыт беделхан казакша олен, бақыт беделхан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бакыт беделхан, бакыт беделхан олендери, Ол ішіп жүр..